Париж-2024: Қазақстандық мергендер Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды
2024 ж. 27 шілде
7819
0
Нысана көздеуден Париж Олимпиадасында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. Пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды.
Алғаш рет олимпия ойындарына қатысып тұрған Ислам Сатпаев пен Александр Ле жұбы Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) басым түсті.
Айта кетейік, біздің мергендер ертеректе іріктеуде 630.1 ұпай жинаған. Ислам мен Александра дуэті былтыр Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдесін еншілеген.
Еске салсақ, Олимпиадада қола жүлде жеңіп алған қазақ спортшылары, сондай-ақ олардың бапкерлері мемлекеттен 75 мың АҚШ долларынан алады. Ал алтын үшін 250 мың, күміске 150 мың доллар қарастырылған.