БОЗ КІЛЕМ ЕКІ КҮН БОЙЫ БҰРҚЫЛДАДЫ
2023 ж. 10 қазан
5709
0
Ерейментау қаласында дәстүрлі қазақ күресінен 2006-2008 ж.ж. аралығында туған жасөспірімдер арасында сегізінші рет қазақ күресінен республикалық жарыс өтті.
Екі күнге созылған жарыстың мақсаты 1937 жылы 27 қыркүйекте ату жазасына кесілген Әлихан Бөкейхан мен 1937 жылы 8 қыркүйекте Алаш ұстанымын жерлестері арасында таратқаны үшін абақтыға жабылып, қыршын құрбан болған ерейментаулық Перуаш Кәрімұлын еске алу болатын.
Турнирге «Ақ жол» демпартиясының төрағасы Азат Перуашев, ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық аймақтардан келген «Ақ жолдың» мәслихат депутаттары, Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатов, әлихантанушы, алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлы және партия филиалдарының өкілдері қатысты.
Жарысқа Алматы, Қонаев, Семей, Шымкент, Астана, Ерейментау, Көкшетау қалалары мен Қызылжар, Павлодар, Абай, Қарағанды, Ақмола, Алматы обылыстарынан жалпы саны 213 балуан қатысты.
Шара барысында «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев жас палуандарға Алаш идеясын, тарихи мағынасын түсіндіріп, сәттілік тіледі. Сондай-ақ «Ақ жол» лидері осы жас спортшылардың арасынан болашақ олимпиада, әлем чемпиондарының шығатынына да еш күмән жоқ. Бірақ ең алдымен оларға еліміздің лайықты азаматы, ұлтшыл, мемлекетшіл нағыз ер азаматы болып өсулері керек екенін айтты.
Ал Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатов әр өңірден келген спортшыларға сәттілік тілесе, алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлы жарысқа қатысушыларға Алаш жолынан таймай, қазақ халқына қызмет етуге шақырды және қыркүйек айының 27-сі Қазақ елі үшін тарихтағы қандай қастерлі күн екенін түсіндірді.
Боз кілемде күш сынасып, тартысты ойын көрсеткен палуандар өзара мықтыны анықтады.
Оның ішінде:
46 келі салмақта
1 орын – Рауан Газизов (Ерейментау ауданы)
2 орын – Ералы Исмағұлов (Екібастұз қаласы)
3 орын – Нұрасыл Бақберов (Абай облысы), Азамат Көшкінбаев (Шымкент қаласы)
50 келі салмақта
1 орын – Мадияр Қайриден (Екібастұз қаласы)
2 орын – Ақарыс Төлес (Степногорск қаласы)
3 орын – Ершат Мұратбекұлы (Қарағанды облысы), Сүлейман Азденбай (Степногорск қаласы)
55 келі салмақта
1 орын – Алишер Медеуұлы (Қарағанды қаласы)
2 орын – Рысдаулет Жаманқұл (Шымкент қаласы «BELES» командасы)
3 орын – Нұрбақыт Әділбек (Көкшетау қаласы), Әділ Қалымжанов (Ақмола облысы)
70 келі салмақта
1 орын – Нұрдәулет Құрманғазы (Астана қаласы)
2 орын – Әнуар Шәріпбек (Астана қаласы)
3 орын – Досжан Қасенов (Қарағанды облысы), Бейбарыс Жалғас (Қарағанды облысы)
60 келі салмақта
1 орын – Мұқтар Бақытжан (Ақмола облысы)
2 орын – Ернұр Әбдіразақ (Шымкент қаласы)
3 орын – Бектөре Құрманәлі (Шымкент қаласы), Жәнтірхан Шаяхмет (Ерейментау ауданы)
65 келі салмақта
1 орын – Айбота Әли (Павлодар облысы)
2 орын – Айхан Фархадұлы (Павлодар облысы)
3 орын – Мирас Жұмақожа (Астана қаласы), Думан Сәдуақас (Астана қаласы)
76 келі салмақта
1 орын – Нұрсейіт Сахыбай (Алматы қаласы)
2 орын – Әділдет Дүйсенбай (Павлодар облысы)
3 орын – Жомарт Ыдырыс (Шымкент қаласы), Ақбота Жұмаш (Павлодар облысы)
82 келі салмақта
1 орын – Ерасылов Мержанов (Абай облысы)
2 орын – Теміржан Иліясов (Абай облысы)
3 орын – Айбар Бейсенбек (Абай облысы), Дарын Тұяқ (Астана облысы)
82+ келі салмақта
1 орын – Ерасыл Нұрахмет (Абай облысы)
2 орын – Сагият Серікқали (Алматы облысы)
3 орын – Нариман Ердешбай (Астана қаласы), Ерұлан Шыңғыс (Астана қаласы).
Ал команда есебі бойынша бірінші орынды – Ерейментау ауданы, екінші орынды – Абай облысы, ал үшінші орынды – Шымкент қаласының спортшылары алды.