Қазақстан спортын жемқорлық жайлаған - Азат Перуашев
2021 ж. 08 тамыз
5085
0
"Ақ жол" партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты, ҚР Бокс федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі Азат Перуашев Токио олимпиадасындағы спортшыларымыздың сәтсіздігі туралы өз пікірін білдірді.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутаттың сөзінше, Бокс федерациясы басшылығына Тимур Құлыбаев келгелі ірі халықаралық жарыстардағы орындар үшін қомақты қаржылық сыйақылар тағайындала бастаған. Бұл дәстүрді Кеңес Рақышев те жалғастырды. Бұл маңызды серпін болғанымен, Азат Тұрлыбекұлының айтуынша, спорт саласында өзге де олқылықтар жеткілікті.
- Елімізге спортшыларды іріктеудің әділ әрі таза жүйесі қажет. Бұл балалар мен жасөспірімдер спортын қаржыландыру, ішкі сайыстардағы төрешілердің әділдігі секілді мәселелерге де қатысты, - деді А. Перуашев.
Ол, сонымен қатар, Қазақстан спортын жемқорлық жайлағанын ашық айтты.
- Біздің спортшылар жарысқа баратын қаражатты өздері іздеуге мәжбүр болатын жағдайлар кездеседі. Ал, сайыстағы тәжірибе болмаса жақсы нәтижелер қайдан шығады? - деді депутат.
Еске сала кетейік, "Ақ жол" партиясы сонау 2015 жылдан бастап спорт саласын дұрыс қаржыландыру, бұқаралық спортты дамыту секілді өзекті мәселелерді көтеріп, депутаттық сауалдар жолдап келеді:
2015 жыл. 6 наурыз: «Государственные средства должны направляться на детско-юношеский спорт» - интервью А.Перуашева газете «PROСПОРТ»;
2017 жыл. 29 наурыз: Мектеп жасындағы балаларға арналған спорттық секцияларды қаржыландыру туралы депутаттық сауал;
2017 жыл. 12 сәуір: Бұқаралық спортты қаржыландыру және 38 млрд тг қаражатты алып спорт нысанына жұмсаудың тиімсіздігі туралы депутаттық сауал;
2020 жыл. 25 ақпан: «Огромные деньги из бюджета на футбол – это наши комплексы»;
2020 жыл. 25 ақпан: Нужен ли стране лыжный трамплин, цена которого равна стоимости 30 новых школ или больниц?
2020 жыл. 24 қараша: Депутаттық сауал;