Геннадий Головкин алдағы айда шаршы алаңға шығады
2020 ж. 09 қараша
2008
0
Қазақстандық боксшының кезекті жекпе-жегіне қатысты ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды 24.kz.
Жерлесіміз желтоқсанның 18-і не 19-ы АҚШ-та өнер көрсетеді. Ал оның қарсыласы - Камил Шеремета. Польшалық боксшы бүгінге дейін 21 жекпе-жек өтікізіп, барлығында жеңіске жеткен. Енді IBF тұжырымының талабы бойынша қос мықты кездесуі керек.
Бұл бокс кешін қарашада ұйымдастыру жоспарланған. Бірақ қалыптасқан жағдайға байланысты уақыты өзгерді.
Айта кетейік, Геннадий Головкин ең соңғы кездесуін бір жыл бұрын өткізді. Нью-Йорк қаласында украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, екі чемпиондық белдікті иемденген болатын.
Ал Камил Шеремета дәл осы бокс кешінде мексикалық Оскар Кортеспен жолығып, қарсыласын нокаутқа жіберді.