Сметов дзюдошылар рейтингінде төмендеді
2019 ж. 05 қыркүйек
2703
0
Токиода өткен Әлем чемпионатынан кейін отандық дзюдошы Елдос Сметов халықаралық федерацияның әлемдік рейтингінде бір саты төмендеді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Бұған дейін үздік бестікке кіріп жүрген Сметов, турнирдегі сәтсіздіктен кейін алтынша орынды місе тұтты. Ал, Елдоспен бір салмақта күресіп жүрген тағын бір отандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев керісінше бір саты жоғарылап, 10-орынға көтерілді.
Еске сала кетейік, Токиодан әлем біріншілігінде Елдос Сметов жапондық татами шебері Рюдзю Нагаямаға есе жіберіп, ширек финалға өте алмай қалған болатын.
Жеңілістен кейін де сағы сынбаған отандық спортшы үшінші орын үшін белдесуге мүмкіндік алу үшін Тайбэй елінен келген Юн Вей Янмен күресіп, оны айқын басымдықпен жеңді.
Үшінші орын үшін таласта Елдос тағы бір қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевпен кездесіп, оны да таза жеңіл, қола медальге қол жеткізді.
Сонымен қатар, Токиодағы жарыста Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүрген Галбадрах Отгонцецег те күресіп, жүлделі орынға іліге алмай қалған болатын.