Ресей федерациясы ыдырайды
2016 ж. 30 маусым
13233
21
Ресей бүгін терең рецессияда, бір-екі жылда бұл елдің тұрмысы әбден құлдырайды, сонда Ресейдің кейбір өлкелері кетеді: Калиниград облысы – Германияға, Приморский және Уссурийский край – Қытайға кетеді. Ресей федерациясының бірнеше субъектілері егемендігін күшейтеді. Ресей Қырымды қайтарып, Шығыс Украинадан кетеді. Болуы ыөтимал осынау жайттарды басқа емес, осы күндері Ресейдіңзиялы қауымы да жоққа шығара алмай отыр.
Ресейдің болашағы жоқ емес, бар. Ресей келе жатқан дағадарыстан өтеді, алайда бірқатар автономиялық субъектер оның құрамынан кетіп тынады. Егерде Ресей демократиялық мемлекет болып дамыса, ол Евразияда тиянақты, қуатты мемлекетке айналады. Бірақ Ресейді дағадарысқа сүйреп апара жатқан күш -ол авторитарлық империялық Ресейдің даму бағыты.Бұл бағыт Путиннің жолы. Неғұрлым Путин ұзақ президент болса, Ресейдің жағадайы сондай ауырлайды.
РФ құрамындағы Тәуелсіздік алуға дайын ел – ол Шешенстан, сәл бәсеңдеу, бірақ еті тірі – Ингушетия, есін жиіп келе жатқан Солтүстік және Оңтүстік Осетия, бірегей Аланияға айналмақ. Алания Кавказда ең орысшыл этнос еді – енді олар да ұлттық санасын көтеріп, есін жиды. Оларға қарап черкес,адыгейлердің ұлттық санасы оянып, қалпына келе жатыр. Абхазия ең грузиденген, ең орыстанған республика болатын, олар да енді саяси егемендік пен дербестікке жақын. Саяси және ұлтжандылығы әбден піскен татарлар мен башқұрттар. Бұрын Ресейдің жансыздары татар мен башқұрт арасына от жағып араздастырып отырды. Дәп қазір екі ұлт қайраткерлері консенсус және ымыраластық тауып отыр.Якуттар өз елінде елу проценттен асты, Якутск қаласында олардың демограяфиялық басымдығы бар.Тек қана демографиялық емес, әлеуметтік психологияық басымдылық. Нағыз доминантаға жетті. Аттарын көне якутша қоятын болды. Одан бетер өрістеген жағдай – Тувада. Олар да, міне он жылдай болды, өз жерінде басымдыққа ие, енді егемендіктің күні туар сәтті күтіп отыр.Ол сәт те көп ұзатпай келер. Олар геосаяси субъект емес, қоңырқай ғана егемендік алатын Монғолия сияқты ел, бірақ әйтеуір ұлт,әйтеуір этнос.Өріс алмаса да – Ел. Туваларды, бізді КСРО-ның құрамынан қуғандай оларды да РФ-ның аумағынан қуып шығады,Ресей шешендерден, тағы басқа аз ұлттардан әбден шаршады, оларға көп қаржы кетеді, ал түсім тым аз, тек дотация, тек шығын.
Егемендікке икемділігі жоқ халық құриды, тілін сақтамаған халық жойылады, экономикалық тіршілігі жоқ халық бодан болады.
Қытай қауіпін жоққа шығармайық. Олар ішкі Монғолия моңғолдарының үлесін екі-үш процентке дейін түсірді. Қытай оларды миграциялық тұрғыдан отарлады, бірақ Тибет пен Ұйғырға шамасы жететін түрі жоқ. Қытайдың коммунистік режімі бір кезеңде деградацияға ұшырайды. Кезінде Қытай Вьетнаммен соғысып таяқ жеген.КСРО қолдамаса, мүмкін Қытай Вьетнамды басып алар еді. Қытай Камбоджада Пол Пот режимін қолдап, олар өз халқына геноцид жасаған.
Мен көрмесем сендер көресіңдер және сипаттайсыңдар, дәл солай болмаса да сәл басқаша болар.
Бұл күндері 90% қазақ баласы қазақ мектебіне барып жүр, бұл Қазақстанның барлық оқушыларының 70% .Келесі үш жылда қазақша оқитын қазақ баласы 95% жетер еді, олай болса үш тұғырлы тіл деп аталатын проект мүлде керек емес болатын еді. Біздің орысшылдар мен Мәскеу идеологтары Ресейдің Қазақстанда «жұмсақ күшін» сақтап қалғысы бар. Олай болса болашақта біз Ресей мәдениетінің рухани ортасы, тілдік провинциясы болып қала береміз. Ресейдің «жұмсақ күшіне» тәуелділік деген – осы
Қазақстандағы 21мамыр революциясы буржуазиялық -демократиялық және ұлтжандылық сипатта болды. Бұл революция Ресейде1905-1907 жылдары болған революциясының аналогы. Ресейдігі 1905-1907 жылғы революция жеңілді деп ойлауға болатын-ды, бірақ ол олай емес еді. Мәскеудігі 1905 жылғы декабрь көтерілісі жаншылғанымен, орыс-жапон соғысынан Ресей жеңілсе де, 1905-1907 жылғы революция бірқатар табыстар мен жаңалықтар әкелді. Сол революция Ресейге буржуазиялық еркіндіктер әкелді, сол сияқты ұлттық тіршілік пен ұлтшылдықты жандандырды. Қазақстандағы 21мамыр революциясының бас жетістігі – бір қатар буржуазиялық еркіндіктер мен қазақтық өмірдің жандануына әкеледі деп болжаймын. Орысшылдық үрдісі Қазақстанның осы даму кезеңінде шегініп, олардың адептері- жандайшаптары белгілі уақытқа ступорға түседі. Қазақстандағы 21мамыр революциясы буржуазиялық -демократиялық және ұлтжандылық сипатта болды. Сол себептен Ресейдің саясаттанушылары біздегі революцияға қатты қапыланды.
Казахам говорить между собой на казахском, тратить деньги и внимание на казахские медиа-продукты и не тратить деньги и внимание на русскоязычные. Бұл үрдіс өз-өзімен жүріп келе жатыр.Орыс қазір 20%. Әңгімелесуге Алматының өзінен қазір орыс таба алмайсың. Мен орыс мектебін бітірсем де, орысшам таусылып барады. Орысша мақалаларыма сұраныс азайып келеді. Ал қазақша контент өсіп келеді. Үш тұғырлы тіл бағдарламасы сол өшіп бара жатқан орыс тіліне жан бітіру деп есептеңіз. Орыстанған қазақ қазақтанып келеді. Мен Сарқан ауданынанмын, бұрынғы Сарқан орыстанған аудан еді.Қазір толық қазақы аудан.Тұрғындарының біразы қытай қазақтары,оларда орысша мүлде жоқ. Ендігі кезекте Талдықорған мен Алматы. Менің туысқандарым Талдықорған Алматы мен Астанаға көшкен. Енді «Хабарды» толық қазақшаласа, Ресей теледидарын жапты дей бер. Бара келе өз өзіне жеткілікті халқымыз, орыстың руханиятына, тіліне, дініне таң қала әрі жатсына қарайтын болады. Ал орыстың көптеп салынып жатқан шіркеулерін қазақтар сатып алып, мешітке айналдырады.
Әзімбай Ғали
qazaquni.kz