"Эйр Астана" Монголияға жаңа рейс ашады
2016 ж. 26 ақпан
2540
1
«Эйр Астана» әуекомпаниясы Қазақстаннан Моңғолияның Улаанбаатардан өзге қалаларына әуе рейстерін ашуды жоспарлап отырған жоқ. Екі ел арасындағы келіссөз нәтижесі бойынша маусым айынан бастап тек қос мемлекеттің астаналары арасында ғана әуе рейсі жүзеге асырылады. Оны компания президенті Питер Фостер 27-қаңтар күні Алматыда «Эйр Астананың» 2015 жылғы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі есебінің алғашқы таныстырылымында айтты.
«Эйр Астана» 2 маусымнан бастап Астана-Улаанбаатар-Астана бағытында жаңа әуе рейсін ашпақ. Бұл рейс аптасына 3 рет қатынайтын болады. Бұл әуе рейсі тек бизнес бағытында ғана емес, Еуропа елдері тарапынан туындап отырған трафикке деген жоғары сұраныс есебінен де жоғары нәтиже көрсетеді деп жоспарлап отырмыз», – деді П.Фостер.
Оның айтуынша, Астана-Улаанбаатар бағытындағы жаңа әуе рейсі қалалары сияқты Моңғолияға сапар шегетін транзиттік жолаушылар тасымалы жағынан да тартымды болады.
Air Astana біріккен қазақ-британ әуе компаниясы болып табылатынын, оның 51 пайыз үлесі «Самұрық-Қазына» қорының бақылауында.
Бүгінде компания 60-тан аса ішкі және халықаралық бағыттағы рейсті жүзеге асыруда.
Дерек көзі: kaznews.mn