АҚШ тарихында алғаш рет парламент отырысы Құран аяттарымен басталды
2016 ж. 15 ақпан
2304
0
АҚШ тарихында тұңғыш рет Висконсин штаты заңнамалық ассамблеясының отырысы қасиетті Құран аяттарын оқумен ашылды, деп хабарлайды qari.kz-ке сілтеме жасап Қамшы порталы.
ФОТО: QAMSHY.KZ
Парламент мінберінде Құран оқу мәртебесі Демократиялық партия депутаты әрі ассамблеясы мүшесі Джанан Наджибке бұйырды.
Айта кетсек, басқосу алдында дұға-тілек айту АҚШ-тың жергілікті кеңестері мен аймақтық парламенті үшін қалыпты жағдай саналады. Алайда, ешбір парламент тарихында Құран оқу дәстүрі бүгінгі күнге дейін болмаған екен.
Дереккөз: Nur.kz