Барак Обама: АҚШ Қырымнан кейін Ресейді оқшаулауға қол жеткізді

photo_5505"АҚШ президенті Барак Обама "АҚШ әлемдегі қоғамдық пікірге ықпал етіп, Қырымды қосып алғаннан кейін Ресейді халықаралық аренада оқшаулауға қол жеткізді "деп мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

Нью-Йорктің Вест-Пойнт әскери академиясында сөйлеген сөзінде Барак Обама "Біздің әлемдік көзқарас қалыптастыра алатын мүмкіндігіміз Ресейді сол сәтте-ақ оқшаулауға көмектесті. Американың жетекшілігі арқасында әлем Ресейдің әрекетін айыптады, Еуропа мен G7 санкциялар енгізуде бізге қосылды, НАТО Шығыс Еуропа алдындағы міндеттемелерін күшейтті, ХВҚ Украинаның экономикасын тұрақтандыруға көмектесуде, ЕҚЫҰ бақылаушылары Украинаның тұрақсыздық орын алған облыстарына әлем назарын аударуға мүмкіндік берді" деді.

Барака Обамының сөзіне қарағанда, әлемдік пікірлер мен әлемдік институттардың топтасуы ресейлік үгіт-наcихатқа, шекара маңындағы ресейлік әскрилер мен қарулы жасақтарға қарсы күш бола білді.

Сөз сөйлеу барысында, Америка президенті АҚШ-тың таяу 100 жылда көшбасшы болуға ниетті екенін жеткізді. "Филиппинде тайфун соғып жатқанда, Нигерияда жас қыздарды ұрлап жатқанда, Украинада бетперде киген адамдар ғимараттарды басып алып жатқанда, әлем Америкаға қарайды және көмек күтеді. АҚШ - таптырмайтын ел. Өткен жүзжылдықта осылай болған, алдағы жүзжылдықта да солай болмақ" деді Барак Обама. Оның сөзіне қарағанда, Американың экономикасы "ең серпінді", АҚШ энергетикалық тәуелсіздікті арттырып, босқындарды тартуда.

Одан өзге, Барак Обама Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы терроризммен күреске қосымша 5 млрд. доллар қаржы бөлуді ұсынды. "Аль-Каидамен" күресу үшін АҚШ Йемен қарулы күштерін жаттықтырады, Сомалидегі халықаралық күштерге қолдау көрсетеді, ЕО-мен бірлесе Ливия шекарасын нығайтады және Францияның Малидегі іс-қимылдарына қолдау көрсетеді.

Сондай-ақ, Барак Обама Вашингтонның сыртқы саясат жүргізуде армияға арқа сүйемейтінін атап өтті. "Егер белгілі бір мәселені шешуде Американың күшті екенін әскермен ғана көрсетіп, соғыс болып жатқан аймақтарға сіздерді жіберсем, онда мен сүйікті отанымның және сіздердің алдыларыңыздағы міндетіме қиянат қылған болар едім" дейді Барак Обама.

tengrinews.kz