Тоқаев: Бірде-бір министр, депутат, әкім наградасыз қалмаған
2019 ж. 06 мамыр
9237
4
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жасаған сапары кезінде министр, депутат, әкімдердің кеуделері түрлі наградаларға толатынын сынады.
Бұл туралы белгілі журналист Ж. Әшімжан өз парақшасында жазды.
«Бірде-бір министр, депутат, әкім наградасыз қалмаған. Барлығында орден бар. Әр бес жыл сайын олар орден алады. Мен түсіне алмаймын. Ал жүз мыңдаған ұстаздар, дәрігерлер, журналистер, жұмысшылар мемлекет тарапынан марапатсыз қалып жатады. Олар басқалардан аз еңбектеніп жүрген жоқ қой. Сондықтан, олар да назардан тыс қалмауы керек», - деп келтірді Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін ол.