Президенттікке үміткер қазақ тілін білетіндігін ел алдында ашық дәлелдесін! - Досай Кенжетай
2019 ж. 13 сәуір
6241
1
Қазақ мемлекеттігін нығайту және жаңа зайырлы демократия жолында сайлауға түсетіндер өздерінің 7 ата-тегін ашып көрсетсін! Екінші қазақ тілін білетіндігін тест не диктант емес ел алдында ашық дәлелдесін. Оның жолы көп. Сайлаушыларға ел елді аралап кездесу өткізсін. Қазақ даласын аралағанда ол жерлерде кеше қандай тарихи оқиға болғанын ол жерлерден кімдер шыққанын, қай ру мекендегенін білетін болсын! Орыс отаршылдығы мен кеңестік кезеңдегі қазақтың ұлт болмыс ретінде қандай күйде болғанын аралаған жерінде айта алсын. Бұл болашақ президенттің өз аузынан шыққан шынайы сөз болсын! Параққа не экранға қарап сөйлеу елге тарихқа деген мақамға деген құрметсіздік ретінде табылсын! Ондайлар тіркелгенмен сайлауға дейін осындай талаптармен іріктелсін. Содан кейін екінші сатыда бұл негізгі сын, Бүгінгі елдің әр аймағына қатысты әлеуметтік, мәдени, экономикалық, психологиялық, ұлтаралық-дінаралық және саяси, құқықтық проблемаларын анықтай алатын оның себебі мен салдарына үңіле алатындығын көрсетсін. Үшінші сатыда қазақстандық саясаттың жахандық және геополитикалық орны мен рөліне баға берсін. Тарихи, саяси және экономикалық тұрғыдан. Төртінші сатыда қазақ елі алдында жеке басы ары, қолы, жаны таза екендігін дәлелдесін... жары да отбасы да бұл сынақ компонентіне кірсін...айтар сөз көп. Бірақ бұлар болашақ үшін керек болатын тетіктер. Қазірден негізге алынса құба құп.
Досай Кенжетай, Фейсбук парақшасынан