"Қытай қазағында қарғаның миындай ми бар ма өзі?.." - Өмірзақ Ақжігіт
2019 ж. 28 қаңтар
10025
2
"Қытай қазағында қарғаның миындай ми бар ма өзі?.." Бұл сөз - сол Қытайдан 1990-жылдары келген оралманның сөзі.
"Қытай қазағы бүгін мен секілді қашып келсе де келуі керек, өйткені, бұндай мамырақан заманды қытайлықтпар бір күнде өзгертіп жібере салады. Сол кезде зейнетақыны, басқаны ойлаймын деп жүріп қапы қалғанын бір-ақ біліп, қазағым бармағын шайнайтын болады, бірақ кеш қалады" деп еді ол.
Бірақ, сұхбатты кезінде осы сөзге бола баспасөзге бермедік, себебі, оның жаны ашығаннан, ашынғаннан айтқанын көп адам түсінсе де түсінбей, немесе түсінгісі келмей көптің қарғысының астында қалар деп қорықтық. Ал, ол әулие екен, оның қорқынышы, күдігі шындыққа айналды...
Енді бүгін Моңғолия қазақтары да ертерек келіп алса қайтер еді деп, көңіліміз алаң болып отырған жай бар.Рас, моңғол қытай емес, болмысы мүлдем басқа. Десе де, "сақтансаң ғана сақтаймын" деген, келемін дейтін қазақтың келіп алғаны дұрыс қой...
facebook.com парақшасынан