Жолымбет Мәкіш: Мемлекеттік марапаттың нағыз иелері - қарапайым адамдар
2018 ж. 19 желтоқсан
4575
0
Бір жыл бойы тапсырмасын орындап, өзінің айтқанын істеген бір кісіге облыс әкімі «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» деген атақ алып беріпті. Мемлекеттік атақ – көңіліне жаққан адамына сыйлай салатын әкімнің меншікті мүлкі секілді. Марапат-медаль алғандардың тізімін бүгін қарап шықтым. Арасында еңбегі сіңгендері де болғанымен, көбі кабинетте отырып кресло тоздырған, бастығына қарсы шықпағандар екен. Мемлекеттік марапаттың біразы осындай кабинетный «геройларды» айналшықтап шықпай жүр. Үлкен мекемеде жұмыс істемейтін, бірақ күнде халыққа пайдасы тиіп жүрген (өрт сөндіріп шыққан) мына жігіттің түрі – сөлкебайдан құр қалған осындағы қаншама адамның түріне ұқсап қалыпты. Награданың нағыз иелері осылар, қарапайым адамдар ғой!
Жолымбет Мәкіш, Фейсбук парақшасынан