Желі қолданушысы Парламенттегі Коммунистік партия фракциясының өкілеттігін тоқтатуды талап етті
2018 ж. 26 қазан
3433
1
Кешегі күні КомСоМолдың 100 жылдығын салтанатты атап өту арқылы "Қазақстан коммунистік халық партиясы" мен онымен қанаттас ұйымдары Кеңес Одағының Коммунистік Партиясының (КПСС) және БүкілОдақтық ЛЕНИНдік коммунист жастар одағының (ВЛКСМ-ның) заңды МҰРАГЕРЛЕРІ екенін ресми түрде мойындады. Осы әрекеті арқылы осы шараға мұрындық болған мемлекеттік қызметкерлер мен қоғам қайраткерлері КПСС пен ВЛКСМ-нан зардап шеккен
- 1928 ж. КӘМПЕСКЕде, 1927-1931 ж.ж. АШАРШЫЛЫҚта құрбан болғандардың аруағын қорлады;
- 1937-1940ж.ж. жазықсыз атылған АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ мүшелерінің рухын таптады;
- 1986 ж. ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРдың сағын сындырды;
- Тәуелсіз Қазақстанның мемлекетшілдік идеологиясына қарсы сатқындық әрекет ЖАСАДЫ ДЕП ЕСЕПТЕЙМІЗ.
ҚОРЫТА КЕЛЕ:
1. "Қазақстан коммунистік халық партиясынан" ҚАЗАҚ халқына жасаған зұлматтары үшін одан кешірім сұрап, моральдық тұрғыдан қақысы болмағандықтан Парламент Мәжілісіндегі фракциясына мүше депутаттарының ЖҰМЫСЫН ТОЛЫҚТАЙ ТОҚТАТУЫН;
2. Қазақ халқына зұлмат шектірген КПСС пен ВЛКСМ мұрагерлерінен марапат алуға арланбағандығы үшін Парламент Сенатының депутаттары Бақытжан Жұмағұловтың, Бірғаным Әйтімованың, Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың және т.б. тұлғалардың МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕН ӨЗ ЕРІКТЕРІМЕН КЕТУІН;
3. "НұрОтан" партиясының басшылығынан Президенттің рухани жаңғыру бағдарламасына қайшы әрекеттері үшін жəне өзге партияның платформасын ашық қолдағаны үшін аталған тұлғаларды ПАРТИЯ ҚАТАРЫНАН ШЫҒАРУ МӘСЕЛЕСІН ҚОЮДЫ;
4. ҚР Қорғаныс министрінен офицерлердің ЖОЙЫЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІҢ ТУЫН көтеріп тұру фактісін түсіндіруін
ТАЛАП ЕТЕМІЗ.
Алмас Жұмағали, Фейсбуктегі парақшасынан