Ата-ананың жанайқайы: Білім министрлігі ақымақ па, әлде, бала ақымақ па?!
2018 ж. 25 қазан
3915
1
Күнде кешкісін үйде айқай. Мен әуелден сабақ оқытуға қырым жоқ. Әйелім қызымды қырып жатады. Ұрады, соғады, айқайлайды. Оған шыдай алмай мен барам. Маған "араласпа!" дейді.
1-класс оқитын қызым жазуға тастай болғанымен, есепке, сөз құрауға, буынға бөліп оқуға келгенде қиналады. Сосын таяқ жейді. Қатынға "ұрма" деп айтсам, ол маған шапшиды. Баланы "тупой қыласың ба?" дейді. Мен айтам "мына программамен оқытам десең бала совсем тупой болады" деп.
Бір жағынан "аюға намаз үйреткен таяқ" деген бар. Бір жағынан қызымның таяқ жеп отырып сабақ оқығанын мүлдем қаламаймын. Кітаптарын тексеріп қарасам шынында да 4-5 сыныптың тапсырмалары.
Ақыр соңында қатын екеуміз аттың басын жібереміз. Керісеміз. Жеке басқа кетіп қаламыз. Ол айтады "сенің қаның ештеңе түсініп болмайды" дейді, мен айтамын "ол маған тартса алғыр, зерек болады" деп.
Сонымен... әлде, біз ақымақ па, әлде білім министірлігі ақымақ па, әлде бала ақымақ па? Сіздерде сондай жағдай болама? Дәл 1-сыныптың ата-аналары бар ма? Айтыңыздаршы...
Самат Нарегеев, Фейсбуктегі парақшасынан