"СОҚЫР СЕНІМ СИНДРОМЫ"
2018 ж. 28 тамыз
5499
0
Сенім деген түсініктің аумағы сондай кең екені жайлы күнделікті өмірде ойлана бермейміз. Оның бірінші себебі, ғылыми тұрғыдан қарамаудан...
Қателеспесем, оған Карл Саганның төмендегі әңгімесі куә. Бір атақты саудагердің үлкен сауда кемесі бар екен. Алыс сапарға шығар алдында, кемешілер келіп, кеменің қабырғасында ақау (Шытынап кеткен) бар екенін айтады. Бірақ, саудагер оның бір жолғы сапарға шыдайтынына өте сенімді еді. Мамандар (Ғалымдар) оның алыс сапарға шыдамайтыны жайлы айтқанына қоймай, кемені теңізге шығарып жібереді...
Міне қызық, бір адамның сенімі үшін неге ондаған кемешілердің өмірімен ойнауға болады. Қандай да соқыр сенімнен үлкен сорақылық туатыны жайында жақсы жазылған екен... Өмірде сол кемеге отырып, суға кетіп өлгендер болмаса да, санада үлкен сандалыс жасайтыны анық!
Көптеген діндерде Аяз ата, Санта Клаус, Пегас (Пырақ) деген қияли нәрсеге сеніп, адамдардың санасына селкеу түсіретін қиялы "нәрселер" рационалды ойлауға шектеу жасап, "СОҚЫР СЕНІМ СИНДРОМЫНА" ұшыратып жатқаны жайлы психолог ғалымдар да талай жазған екен. Оған дәлел бір қандасымыздың Сирияға соғысқа барамын деген үндеуі...
Өмір адамға бір-ақ рет беріледі, сол өмірді қияли синдромға ұрындырмай, берілген өмірден айрылып қалмайтындай етіп өмір сүргенге не жетсін деген ойдан туындаған пост еді!!!
P.S. Егер, қажет деп тапсаңыздар сенім арқылы табиғаттың небір физикалық құбылыстарын жеңуге болады деген догмаға байланысты ортаға ой тастайын, мысал ретінде бір факт келтіріп, пікір алысайық, Ардақты ағайын!
Советқазы Нұрсила, Қазақ үні