Тәуелсіз БАҚ рөлін күшейтуіміз керек
2018 ж. 26 маусым
3077
0
Осы Үкіметтен қыруар қаржы алатын бюджеттік сайттардың түк таппағандай туалет қағазын, төсек-жабдық, көрпе-жастықтың бәрін жарнамалауларын түсінбеймін. Бұл мемлекеттің бір емшегін сорып отырған "Қазконтент" АҚ-на не жоқ. Әлде, әлі де аз болып отыр ма?
"Абай.кз", "Қазақ үні", "Қамшы" секілді қазақ сайттарын қолдау керек. Қазіргі уақытта шындықты айтып жүрген осындай санаулы басылым ғана болып тұр.
Үкіметтен миллиондап ақша алып, биліктің айтқанын ғана жазатын сайттар кімге керек?
Онымен қоймай, жарнама жасап тағы да үсті-үстіне қаржы табады.
Не деген батпанқұйрық?
Қазақтың қамы мен ұлттық мүдде жолында аянбай тер төгіп жүрген сайттарды неге үкімет қолдауға құлықсыз? Өйткені, олардың айтқаны жүрмей қалады. Азын-аулақ тендер беріп қойып, керек кезде "Осы тақырыпты жазбай-ақ қойыңдаршы" деп ғана отыру бұларға ыңғайлы.
Ал, егер біз дамыған азаматтық қоғам құрамыз десек, онда керісінше, тәуелсіз БАҚ рөлін күшейтуіміз керек.
(Фото Бньюс сайтынан алынған скриншот)
Махамбет Ерғали, Фейсбук парақшасынан