Болгария Еуро Одақ шекарасын заңсыз кесіп өткен, Пенка есімді сиырды ұйықтатып тастамақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі The Independent басылымына сілтеме жасап.
Шекараны "заңсыз" кесіп өткен сиыр жазаға тартылмақ
2018 ж. 04 маусым
3254
0
Аталған жағдайдан кейін жануар иесіне қайтарылған. Алайда болгариялық шенеуніктер сиырды ұйықтатып тастауды ұсынған.
Еуропалық комиссия бекіткен ережеге сәйкес, сиырды шекарадағы өткізу пунктінен алып өткен кезде, жануардың денсаулығы жақсы екенін анықтайтын, құжатты көрсету керек.
Ал Еуропарламенттің өкілі Джон Флэк болған жағдайдан кейін Болгарияның премьер-министрі Бойко Борисовқа арнайы хат та жолдапты. Онда бекітілген ережелер орындалуы қажеттігі айтылған.
Соныман қатар, интернетте сиырды қолдау мақсатында петиция жарияланыпты.