26 жастағы әйел күйеуімен 6 жылдан бері 1 шаңырақтың астында тұрып келе жатқан көрінеді. «Отағасының табысы да тәп-тәуір» дейді хат иесі.
«Мен әбден шаршадым Байзақовадан. Күйеуім ашықтан ашық оның суреті мен видеосын қарайтын болды. Не істерімді де білмей қалдым. Күнде жылаймын. Жасым – 26-да. 2 баланың анасымын. Күйеуімнің табысы жақсы. Жақында сол Байзақованы көру үшін Алматыға жол жүргелі отыр. Көмектесіңіздер маған, өтініш. Өзімді қалай ұстасам болады?», – деп келіншек көптен көмек сұрады.
Әйелдің Instagram-дағы бұл жазбасын Айжан Байзақованың өзі көшіріп, өзінің telegram-парақшасына салған.
«Күйеулеріңізге айтыңыздар, басты қатырмасын. Болды. Алматыға қалай келеді, солай кері кетеді. Мені көре алмайды. Сосын үйге оралған жарыңызды қайта кіргізбеңіздер», – деп жазды Байзақова.
Желі қолданушылар да келіншекке: «Уайымдамаңыз. Өзіңізге оралады күйеуіңіз» деп жан-жақтан басу айтты.