Сәләфит боп кеткен танымал отандық әншіні әкесі байлап қамауда ұстап отыр
2017 ж. 05 желтоқсан
16768
41
Елімізге танымал бір əншіні əкесі саяжайда байлап ұстап отыр. “Əкесі арнайы адам жалдап қарауылдатып, тамақ суын өзіне керек дүниесін əйнектен беріп отырады екен”, деп жазды белгілі заңгер Айгүл Орынбек желідегі парақшасында.
“Өнердегі достары сол жолға түсіп кеткен соң, баласын сақтап қалу үшін амал жоқ осындай амалға барып отыр екен. Сəлəфиттер елімізге танымал адамдардың қасында біраздан бері бұлғаңдап жүргендері өтірік емес! Өнердегі жігіттеріміз қыздарды тоқалға алып қолғапша ауыстырып жатқанын да көріп жүрміз. Текті қазақтың ұрпағы едік, тексіз арабтардың идеологиясын тықпалағандардың құлдары көбейіп келеді. Баласының болашағын ойлаған мына əкенің ісі дұрыс па, бұрыс па білмеймін! Бірақ “əке шешең жынды болса байлап бақ”- деген мақалды, қазіргі заман ағымына қарай “Теріс ағымға, сəлəфиттер, вахабиттерге ерген балаларыңды байлап бағыңдар!”- дегенім дұрысырақ па, қалай ойлайсыздар?”, – дейді заңгер.