Жалғыздықтан шаршаған ер адам өзінің жыныс мүшесін кесіп тастады
2017 ж. 08 қараша
61680
25
Жалғыздықтан қиналған ОҚО тұрғыны жыныс мүшесін өзі кесіп тастады. Қайғылы жағдай 7 қараша күні кешкі сағат 17:00 шамасында болған,- деп жазды ТВК арнасына сілтеме жасаған Stan.kz.
54 жасқа келгенше үйленбегеніне, балалы бола алмағанына налыған азамат өзінің жыныс мүшесін кесіп алған.
Дәрігерлердің айтуынша, оны жедел жәрдем аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер науқасқа дереу ота жасаған. Қазіргі жағдайы ауыр қалыпты. Енді ол урология бөлімінде бірнеше күн ем қабылдайтын болады.
“Ол өзінің жыныс мүшесін алып тастаған. Түскен кездегі жағдайы аса ауыр болатын. Дереу ота жасалды. Қазіргі жағдайы бірқалыпты”, – дейді дәрігер-уролог Арман Бейсенов.