Ерлан Қарин: Бұл латын әліпбиі үшін шешуші сәт
2017 ж. 27 қазан
2940
9
Қалай болғанда да бұл шешуші сәт. Әрине, ұнататындар да ұнатпайтындар да болады, бәрінің көңілінен бірдей шығу мүмкін емес, оны талқылаудың барысында да көрдік. Бұрын айтқанымдай, бірде бір елде тіл реформасы, әліпби ауыстыру мәселесі осындай кең түрде талқыға салынбаған болатын. Дегенмен, қазіргі қабылданып жатқан шешім - еліміздің дамуындағы түбегейлі бетбұрыс. Тіпті бұл тәуелсіздікті иеленгеннен кейінгі тарихи маңыздылығы жағынан екінші үлкен қадам деп айтар едім. Себебі бұл біздің өркениеттік таңдауымыздың нақты көрінісі. Қалғаны өз қолымызда - бүгін латын әліпбиінің қабылдануы ертең ақ бірден оның қолданысқа енгізілетінін білдірмейді. Алда 8 жыл қыруар жұмыс күтіп тұр.
Ерлан Қарин, Фейсбук парақшасынан