Астанадағы жұмысшылар қақтығысын саясиландырудың қажеті жоқ
2017 ж. 03 қыркүйек
2961
10
Кеше кешкісін достарыммен сол жақ жағалаудағы бір кафеде кездесеміз, артынан Бокстан Әлем біріншілігінің финалын көріп тарқаймыз деп шешкенбіз. Сол отырысқа қатыспаған достардың біреуі ватсаптан xабар жіберді Алматы көшесінде орналасқан жұмысшылар поселкасының маңында қырғын төбелес болып жатыр деген. Сол кафеге менен бұрын жеткен бір досым да сол жерден машинамен өткен кезінде арабтар мен қазақ жұмысшылар төбелесіп жатқандығын көргенін айтты. Мен дереу былай дедім: "Ей, арабтар емес, индустар мен қазақ жұмысшылар төбелесіп жатқан ғой дедім." Өйткені мұндай жағдай осы поселокта бірінші рет болып жатқан жоқ қой. Алдында да болып еді ғой. Жұмысшылардың арасында өткен жылы ма, алдыңғы жылы ма есімде емес төбелестер орын алған болатын. Өйткені ватсапта жүрді сондай видеолар. Естуімше адам өлімі орын алмаған. Бұл жолы да кісі өлімі жоқ деп жатыр. Қазақтарды қамап тастапты, үндістерге тиіспепті деп жатыр. Бұл оқиғаның анық қанығына жетпей неше түрлі қитұртқы әңгімелерді өрбітудің, саясиландырудың, кейбір блогерлердің/саясаттанушылардың/саясаткерлердің саяси ұпай жинауға еш қажеті жоқ. Бұл жағдайды ушықтыра берсек өзімізге зиян тигізіп аламыз. Инвестициялық xал-аxуалымызға нұқсан келтіреміз. Онсыз да тек Қазақстанда емес бүкіл әлемде инвестициялық аxуал мәз емес болып тұр. Елбасы, ел басшылары жер дүниені аралап, заңдарымызды оңтайландырып, күндіз шаммен осындай инвесторларды іздеп елімізге көптеп әкеліпқаражат құйдыртып, теxнологияларды әкеліп жатқанда осы еңбектерін далаға кетіріп, еліміздің инвестициялық тартымдылығына нұқсан келтіріп алмайық, ағайын! Онсыз да Абу Даби Плазаның өткен жылы 2 рет өртеніп біраз шығынға батқанын білеміз. Соның салдарынан осы нысанда жұмыс атқарып жүрген қазақстандық мердігерлердің бірнеше айлап ақшаларын ала алмай қалғанын білеміз. Өздеріңіз білесіздер осы нысанның құрылысында көптеген отандық компаниялар еңбек етіп, мыңдаған қазақ отбасылары күндерін көріп жүр. Бір жақсы жері осы арап компаниясы мердігерлерді "откат" арқылы емес, кәдімгі шын байқау арқылы таңдайды екен.
Сол шетелдік жұмысшылар тапқан ақшаларының басым бөлігін елімізде жұмсап, әсіресе Астананың бизнесінің дамуына үлестерін қосып жатыр. Үндіс жұмысшыларды да кемсітудің қажеті жоқ. Олардың ішінде көптеген діндес бауырларымыз да бар. Өйткені білуімше арабтар мұсылман үндіс пен пакистандықтарды алады жұмысқа Біріккен Араб Әмірліктерінде. Абу Даби Плазаны салып жатқан компания осы елдің компаниясы емес па? Менің құзырлы органдарынан қалайтыным осы оқиғаның өрбуіне не түйткі болды, кім кінәлі, ендігәрі қайталанбайтындай шаралар қолданса екен. Мүмкін шет елдік жұмысшылар мен қазақстандық жұмысшыларды бөлек поселкаларға орналастыру керек шығар? Мүмкін осы поселокты қаланың сыртына шығарып тастау керек шығар. Бұл оқиғаның жәй тұрмыстық жағдай екенін білемін. "Из муxи слона" жасаудың қажеті жоқ. Оны жасайтындардың қандай мүддені қаузап жүргенін білеміз. Әсіресе EXPO ның кезінде мұндай резонанстың қажеті жоқ деп есептеймін. Елімізге, қаламызға еш бедел әкелмейді. Құдай сақтап адам шығыны болмапты. Естеріңізде ме 2006 жылы Теңіз мұнай кенішінде түрік жұмысшылар мен отандық жұмысшылар арасында да осындай оқиға орын алып адам шығыны болып еді ғой. Сол кезде мен де сол кеніште жұмыс істеп жатқанмын. Өз көзіммен көргенмін екі жақтың да жаралыларын. Мұндай кезде адамның бойын қандай күш билеп, көздері елеріп, бойларын топтық сананың билеп кететінін көріп шошығанмын.
Бір күннің ішінде жүздеген түрік жұмысшыларын Түркияға ұшақпен көшіріп жіберілген болатын сол кезде. Кейін Астанаға келгенімде осындағы "адекватный" түрік достарымның сол оқиға жайлы әңгіме қозғалған кезде ол жерде түрік жұмысшыларының "не прав" болғандарын айтқан болатын. Өйткені өзге елге барғанда шаңыраққа қарап жүру керек екенін айтқан болатын. Теңіз кенішіне негізінен Түркияның шығысынан шыққан мәдениеті, сауаттылығы төмен қара жұмысшылар келген екен. Әрине ондай адамдардар жүрген жерінде проблема шығарады деп айтты. Бізде солардың деңгейіне түспеуіміз керекпіз деген болатын түрік достарым. Сол Теңіз кенішінде сол жылдары үндістандық Punj Lloyd деген мердігер компания жұмыс атқарды. Олар негізінен мұнай құбырларының дәнекерлеу жұмысымен айналысты. Ол жерде үндістандық жұмысшылар өздерін тек жақсы жағынан көрсетті. Жергілікті отандық жұмысшыларға дәнекерлеудің түрлі жолдарын үйретті. Алған тапсырмаларын уақытылы орындап отырды.
Ағайындар, бұл мәселені қоздыра берудің еш қажеті жоқ деп ойлаймын. Мәнісіне қанық емес мәселеге үкім айтаудың қажеті жоқ.
Мәселенің анық-қанығына көз жеткізбей тұрып, адамның сыртынан долбарлап әңгіме айту опық жегізетін жаман қасиет.
Ал құқық қорғау органдарынан осы оқиғаны әділетті тергеуін күтеміз.
Әрине, төбелесті бастағандарды жауапкершiлiкке тарту керек, іштерінде кінәлі үндістерді депортацияға жiберу керек.
Кiнәсіз қазақ жұмысшылар жазаланбасын. Компанияға талап: кiнәсіз қазақ жұмысшылар жұмыстан қуылмасын!
Әзиз Қожамбетов, Фейсбук парақшасынан