Маңғыстауда xалықтың толқуы болуы мүмкін
2017 ж. 29 тамыз
10708
18
"Ауруын жасырған өледі" деген xалық мақалы бар. Қазақтың дауылпаз ақыны Мұрат Мөңкеұлы: "Мен қауіп еткеннен айтамын.." депті ғой. Менде қауіп еткеннен, сол қауіптің алдын алу үшін жазып отырмын.
Келер жылы Маңғыстауда xалықтың толқуы болуы мүмкін?
Оған басты себеп жұмыссыздық!
Қазір біздің қоғам жұмыссыздықты жасырып отыр. "Өзін-өзі асырушы", "қазақ жалқау", "жастар еріншек" деген сылтауларды көбейіп барады. Жастарды сондайға үйреткен өзіміз емес пе?
Қазір Маңғыстау мұнайшыларын 5/50 деген бағдарлама мен жұмыстан шығарып жатыр. Жастар 5 жылғы жалақысының 50 пайызын алғанға мәз болып жұмыстан көптеп шығуда. Қазір қолдарыны 5-8 миллион алғанға мәз болып, кейбірі жұмыстан өз еркімен шығуда.
Бұл ақшаны көпшілігі бір жылға да, жеткізбей құртады. Келер жылы жұмыссыздықтың деңгейін 2,3 есеге көбейтеді.
Өзге аймақтармен салыстырғанда Маңғыстауда тамақ, киім, тұтыну бұйымдары өте қымбат. Басқада түрлі әлеуметтік қиындықтар жинала келіп, xалықтың жаппай наразылығына ұласуы мүмкін?! Бұл қауіптін алдын алмасақ ертең кеш қаламыз. Сол кезде тек салдармен ғана күресетін боламыз. Әкімдердің құлағына алтын сырға болсын! Әрине мен елдің тыныштығын, амандығын ойлағасын жазып отырмын. Ақылдасайық, талқылайық ауруымызды жасырмайық ағайын.
Қашанғы той-тойлаймыз? ЭКСПО да жақында аяқталады. Жазда өтіп барады...
Жәнібек Қожық, Фейсбук парақшасынан