Мемлекеттік туымызды мазаққа айналдырған кім?
2017 ж. 28 тамыз
4246
3
Айгүл Орынбек өзінің фейсбуктегі парақшасында Қазақстанның мемлекеттік туын мазақ еткен суретті жариялады.
Суретте дүкен алдына "Азық-түлік " "Қазақстаннан" деген жазу жазылған еліміздің мемлекеттік ту ілінген. Бұл жағжайдың қай жерде орын алғаны айтылмаған.
"Жиырма бес жыл тіліміз мазаққа айналып келді. Бүгін міне туымыз мазаққа айналуда. Ертең бүкіл бір ұлтымыз құрдымға кетпесіне кім кепіл? Бұл сурет интернеттен алынды. Əкімшілік жаза сұрап жатыр екен кейбіреулер. Мен қылмыстық жаза сұрар едім дəл осы қорлыққа. Бұл бірінші рет болып тұрған жəйт емес! Тілімізге, рəміздерімізге өзіміз құрмет көрсетпесек басқа ұлттар не істемейді?" деп жазған Айгүл Орынбек.