Бұл жер Қытайға сатылады, сол кезде жататын жер таппай қаласың...
2017 ж. 10 шілде
3694
6
Ораза айттың екінші күні болатын. Бесін намазынан шығып айтшылап бара жатқанбыз. Жолдың шетінде, шөптің арасында біреу жайрап жатыр. Қасына бардым. Бөртіп алыпты.
Екінті намазына келе жатсақ, әлі жатыр. Намазға бара жатқан шешеннің балалары қарап кетіп барады. Олардың артынан самса сататын өзбек қызын жетектеп мешітке кетіп барады. Ол да қарап бара жатыр. Намыстынып кеттім. Әлгіні ары жұлқылаймын, бері жұлқылаймын тұрмайды. "Кішкене жата тұрайыншы" дейді.
Ыза болып кеттім. "Жат, жат, жатып ал. 5 жылдан кейін Үкімет бұл жерді Қытайға сатады. Сол кезде жататын жер таппай қаласың. Жатып ал" дедім. Сол кезде қасымнан екі әйел өтіп бара жатқан еді.
Бүгін бесіннен кейін мешіттің алдында отырсам, бір әйел келді қасыма. "Өткендегі сенің сөзін маған қатты әсер етті. Жүрегімді ауыртты. Былтыр жер сатылады деген кезде коллективпен Үкіметті қолдап шығып едік. Осы уақытқа дейін Жер тағдыры, Ел тағдыры туралы ойлаған емеспін" дейді. Мұғалім екен. Не үшін ойламағанын, қалай зомбиларға айналғанын түсіндіріп бердім. Мойындады...
Осы жерде де отыр ғой зомбилар бастарын қылтыйтып...
Сәрсенбай Қалибек
Facebook-тегі парақшасынан