26 жастағы қызды жерлегеннен кейін ол тіріліп кетіп, үйіне қайтып келген
2017 ж. 14 маусым
20771
20
Бұл оқиға Англия қаласында орын алды. 26 жастағы Эрика есімді бойжеткен кезекті көйлегін тігіп жатқанда бір түймені ауызына қыстырып отырып, анасының сұрақтарына жауап беріп отырған. Кенеттен тұншығып, бір түрлі дауыспен жөтеле бастаған, деп хабарлайды qamshy.kz.
Туыстары не болып жатқанын түсінбей, дабырай бастаған. Аз уақыттан соң Эриканың жүрегі тоқтап, есінен айырылады. Тігінге арналған заттар мен шашылған түймелерді көргеннен соң кейін ғана оның жақындары не болғанын түсінген. Түйме оның трахеясына тіреліп қалғандықтан кислород жетіспей қалған екен. Эрика бірден көгере бастаған, ал аурухана үйден тым алыста орналасқан еді. Оны ауруханаға жеткізгеннен соң дәрігерлер оның өлімінің себебін анықтаудан басқа қолдарынан еш шара келмеді. 26 жастағы Эрика тұншығып қаза тапқан. Ертесіне оның жаназасын өткізу жоспарланып, дайындалған.
Эриканы өз дәстүрлеріне сәйкес әдемі киіндіріп, қолына өзіні сүйікті жүзігін тағып қалдырған. Жерлеп болғаннан кейін аза тұту күні болған. Біршама уақыт өткеннен кейін біреудің есікті қағып жатқанын естиді...
Өзінің аза тұту күніне кеше ғана жерленген қыз келген. Үсті-басы кір-кір болған Эриканы көрген туыстары таң қалып, шошынып қалған. Аздап тамақтанып, әл жинап алғаннан кейін өз басынан өткен жағдайды баяндап береді. Оның айтуынша, өзі жұтып қойған түймесі тамырын түгелдей жауып қалмаған, тесігі арқылы миына кислород жетіп, ол тірі қалған. Алайда жүрек соғысы бәсеңдеп алғаннан кейін өз-өзін игере алмай қалған екен. Эрика айналасындағы болып жатқан оқиғалардың бәрін біліп, естіп жатқан, алайда ешнәрсе істей алмапты.
Оның қолындағы алтын жүзікке құлқындарын қадаған ұрылар болмағанда ол көз жұматын еді. Түнде олар келіп Эриканың қабірін қазып, жүзігін шешіп алған. Көйлегін де алып кетпек болған ұрылар оны аунатқан кезде жұтып қойған түймесі атып шығып, ол демалып, оянып кеткен. Екі ұры сол жерде жүректері жарылып қаза тапты, қалған екеуін кейіннен қолға түсіріп, сотқа жіберген.