Судьяға "ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛМЕЙСІЗ" деген танымал саясаткер сот залынан қуылды
2017 ж. 10 маусым
12875
10
Ал әділін айтқан Бас прокурор аудандық соттың бұл әрекетін бұрыс деп тапты...
Мен отбасы мәселесімен соттастым. Басында аудан және қала инстанцияларында ұтылдым, бірақ, Бас прокурорға хат жазып едім - одан қолдау таптым.
Бас прокурор аудандық сот ағаттықтарын аудандық соттың бетіне басып, сол істі аудандық сотқа қайтарды. Бас прокурорға жазған келесі хатымда процессуалдық ағаттықтардың және судья мен сарапшының қазақшасы жеткіліксіз болғанын, сот қателігінің болуының негізгі себебі ретінде көрсеттім. Мен аудандық сот судьясына "сіз мемлекеттік тілді жеткілікті білмейсіз" деп бетіне бастым және сол үшін сот залынан шығарылдым.
Бас прокурор аудандық соттың бұл әрекетін бұрыс деп тапты. Кезекті арызымда мен аудандық сотта - тілдік дискриминация көргенімді делелдемекпін. Сот процесін жеңгеннен кейін Бас прокуратурада әділдік бар екенін баяндамақпын.
Біз сот ісін әр жерде қазақша жүргізілуін талап етіп, тіл денгейін биік дәрежеге көтеруді талап етіп, мемлекеттік тілдің тынысы мен таралуын өсіре беруіміз керек. Мен талап қоюшы ретінде бірнеше процесті қазақ тілінде ұтыппын. Өзімнің заңгер ретінде арнайы білімім жоқ, заңгерлермен де пәлендей ақылдасқан емеспін, тек сенім хат арқылы іс тындырып жүрмін. Пара бермей, адвокат жалдамай-ақ сот үрдісін жеңуге болдады екен.
Әзімбай Ғали, qazaquni.kz