«Қазақтың орысша акцентсіз сөйлегені мақтаныш емес - трагедия!»
2017 ж. 22 мамыр
3407
12
«Қазақтың орысша акцентсіз сөйлегені мақтаныш емес, трагедия!» деп талайдан бері айтып келе жатырмын.
Отаршылдар басында өздерінің нұсқауымен жасалған «Қазақ әліпбиіне» орыс букваларын осындай мақсатпен «тіл сындыру» үшін әдейі кіргізген. Бұрын біз кірме сөздің бәрін қазақ мақамына салып айтатын едік. Орыстың букваларын оқып үйренгеннен кейін өзіміздің үйреншікті мақамымыздан айырылып, ең ақырында олар бізді өз сөзімізге күлетін деңгейге дейін түсіріп жіберді...