Имам мәһірге үй сұраған қазақ қызын ұялтып тастады
2017 ж. 08 сәуір
7321
9
Діни ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы жастарға мәһірге қатысты болған бір келеңсіз оқиға туралы айтып берді. Қалыңдық күйеуінен мәһірге үй сұраған екен. Имам өз кезегінде оны қатты ұялтып, бұл ойынан бас тартуға шақырған.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Тұрмысқа шыққан кей қаракөз қарындастарымыз тұрмысқа шықпағандарына «Сен мәһір ретінде осы нәрсені сұрап қал» дегендей айтады екен. Бұл дұрыс нәрсе емес. Әрине, сұрауға хақысы бар. Бірақ, ол негізгі мәселе емес қой. Өткенде Алматыда бір жұптың некесін қимақ болдым. Қарындас үй сұрап тұр. Жігіт менің алдымда ыңғайсызданып кетті. Мен «Үйді не істейсің? Онсыз да жеке үйлерің бар емес пе? Ертең жексенбі сайын демалуға барып тұрасың ба? Ал күйеуің сені жібермейді» дедім. Қарындас қатты ұялып, «Аға, айыпқа бұйырмаңыз. Жай сұрап жатқаным ғой» деп сөзді басқа арнаға бұрып кетті», – дейді имам Қабылбек Әліпбайұлы.
Мұндай жағдай елімізде алғаш рет болып отырған жоқ. Осы уақытқа дейін қалыңдық күйеуінен қымбат көлік сұраған екен. Күйеу жігіт көлік алып беріп, артынша қалыңдығымен некелесуден бас тартқан. Өзіне дүниеқұмар әйелдің қажеті жоқ екенін айтқан.