26-ШЫ БАПТЫҢ ЖЕРГЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ ЕКЕНДІГІ АТА ЗАҢДА ЖАЗЫЛУЫ ТИІС
2017 ж. 11 ақпан
3377
4
Бүгін жас Алаштанушы ғалымдар клубының отырысына қатыстық. Алаш парламентаризмі мен Конституциялық реформа төңірегінде басталған əңгіме атышулы 26 бапқа өзгерістерге байланысты өткір пікірталаспен аяқталды.
"Инвестицияларды қорғауға мүмкiндiк беруiмiз керек. Себебi инвестицияларсыз ешбiр экономика дами алмайды. Ал, экономикамыз дами алмаса, бiз басқалардан, бүкiл заманауи əлемнен, өткен ғасырдағы технологиялармен қалып қоямыз. Əрине, инвестицияны қолдап, жерiмiздi де қорғаумыз керек!
Сондықтан, 26-бапты тағы бiр тармағымен толықтыру қажет сияқты: "Осы бапта көрсетiлген меншiктi қорғайтын ереженің - жер мəселесiне қатысы жоқ".
Бұл "Ақ жолдың" жетекшісі Азат Перуашевтың ұсынысы. Оны жиынға қатысқан ғалымдар да қолдады. Несі бар, ойланып көруге болатын ұсыныс деп ойлаймын.
Арман Сқабылұлы,
Фейсбук парақшасынан