...Жалпы "аруақ, үй иесі, дух, пәлен-пәштуан..." дегендердің бар екеніне дәлел жеткілікті. Алматыдағы бір мектепте бажам күзетші еді. Ескі мектеп. Алғашқы түні ұйқысыз өткізген. Түн ауа әлдекім астыңғы қабаттағы кластардың есігін тартып, жұлқып жүріпті. Біреу кіріп кетті ме деп дәлізге жүгіріп шықса, ешкім жоқ... Осылай бірнеше рет қайталана беріпті. Адам кіруі мүмкін емес, есік-терезелер жабылғанан кейінгі қосылатын дабыл белгісі ІІД тікелей барады, 5 минутта наряд жететін жер... Зәресі ұшқан ол енді есікке жабысып тың тыңдап тұрмай ма? Аяқ дыбысы жақындап келе бергенде дәлізге атып шығады... Тағы ешкім жоқ. Бұл күзет бөлмесіндегі орнына барса, астыңғы қабаттың дәлізінде тағы біреу жүргендей болады...
Таңмен бір боп-боз болған бажам байырғы әріптесіне посты тапсырып тұрса, анау күліпті. "Келді ме?" деп... Сөйтсе, мектеп ішінде жас қыздың елесі ме, аруағы ма кезіп жүреді екен. "Тазаланып, дұғаңды оқып жүр. Кейін шашы ақсары орыстың бүлдіршін қызы көзіңе көрінеді. Үйреніп кетесің..." депті әріптесі.
...Мұның қызығы алда. Бажам ендігі 7-8 жыл болды сол орында жұмыста. Бір рет ұры түсіп ТЖ болғаны болмаса, тыныш жүріп жатыр. "Маша" мазаламайтын болыпты. Дәліздің жарығын сөндірерде "Маша, я у себя..." деп айтып қояды екен. Бір уақытта есікті тартқылап, тартқылап басылады дейді...
Тағы... негізі мұны жазбайын деп ем, кейбіреулердің намысына, нанымына тиіп кете ме, бірақ...
Жазда сол мектепке зейнетке шыққан шал күзетшінің орнына сақалы желбіреген, бірақ жасы бажамнан кіші жігіт жұмысқа тұрған... Келе сала күзетші бөлмесін тазартып, намаз оқитындай етіп ыңғайлапты. Алғашқы түнге қалған... Ертесі бажам келсе, өң-сөл жоқ, ауырып тұрғанын айтыпты. Содан жұмысқа шықпай кетіпті...
Қазір бажам екі адамның орнына бірдей істеп, 60 мыңдай жалақы тауып жүр.
"Маша, маледес..."
Аруақпен ойнамаңдар! Әсіресе, Абайдың!!! Кездесіп қалса қайда қашасың...