Қоғамдық пікір қалыптастыратын әлеуметтік желіде әлді болуымыз керек
2016 ж. 13 қыркүйек
2610
0
Бір күнде мақалаңды 40 мыңдай адам оқыса, ғаламторың мықты екен...
12 тамызда түнгі 1-1,5 сағаттарда салынған “ОРЫСША ӨЗДЕРІҢ АУДАРЫП АЛЫҢДАР”- деген ЕР ҚАЗАҚ ҮКІМЕТ тізгінін алды"- деген жаңа премьер Бақытжан Сағынтев туралы мақаламды Фейсбуктағы "Қазақ үні" парақшасында бір тәуліктей шамада 38 мың 245 адам көріпті, яғни сол шамада оқылыпты деуге болады. Көптеген пікір жазылып, 621 адам лайк басып, 215 адам көшіріп, бөлісіпті. Ал менің жеке парақшамда 1 мыңнан аса адам қолдау-лайк жасап, 235 адам көшіріп бөлісіп, жүздеген пікір жазылыпты. Әртүрлі топтардың парақшаларында да осыған жетеғабыл көрсеткіштер. Ал оған әр бөліскен мыңға жуық адамның әрқайсысында 5 мыңға жуық адамы бар екенін, олардың да мақаламен таныса алатынын есептесек, 100 мыңға жуықтайды екен оқырман саны. Ал сайтымызда 29 мың 800-дей, яғни отыз мыңдай адам оқыпты. Орысша белгілі сайттар да өздері аударып басып, оларда да көптеген оқырман оқып жатыр. Бұл айналасы 1-1,5 тәуліктің көрсеткіші. Осыған қарап, интернет оқырманы ауқымының алапат екеніне сенбей көріңіз...
Ендеше, қоғамдық пікір қалыптастыратын әлеуметтік желіде әлді болып, қазақ сайттары нәрлі бола берсін деп тілейік.
Қазыбек Иса
Фейсбук парақшасынан