Жаңа заң қабылданды! Енді ойынханаға кіруге 10 жылға тыйым салуға болады!
2024 ж. 08 шілде
9229
0
Менің оқырмандарымның арасынан лудомания бойынша сұрақ көтеретіндер аз емес.
Ойынқұмарлыққа ұшыраған адамдар айналасындағы барлық жақындарына проблема тауып береді.
Осы Заң жобасына біршама түзетулер ұсындым.
Енді ойынханаға кіруге 10 жылға тыйым салуға болады. Онлайн мүмкіндік бар.
Өзін-өзі шектейтін тұлғаларға арналған заң құмар ойындарға қатысуды өзін-өзі шектеудің ең жоғары мерзімін 1 жылдан 10 жылға дейін ұлғайтады.
Тыйым салуды ертерек тоқтату мүмкін болмайды. Заңмен сондай ақ Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген жеке тұлғаларға құмар ойындарға қатысуға және бәс тігуге тыйым салу қосымша анықталады, олардың саны шамамен 3,5 миллион адам.
Осылайша, қабылданған шаралар букмекерлік кеңселердің әлеуетті клиенттерінің санын азайтуға бағытталған. Сонымен бірге, жоғарыда аталған тұлғаларды құмар ойындар мен бәс тігуге тартқаны және жібергені үшін заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі енгізілген.
Заң нормаларына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындардың кез келген қызметі – букмекерлік кеңселер, казинолар және онлайн казинолар шектелетін болады. Осылайша, жалпы саны 280 мыңға жуық адамды құрайтын әскери қызметкерлер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға қатыса алмайды.
Заңды бұзған жағдайда оларға қатысты келеңсіз себептермен жұмыстан босатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылатын болады.
Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға арналып ойын мекемелерінде және өздерінің интернет-ресурстарында құмар ойындарға қатысудың және бәс тігудің қауіптілігі мен зияны туралы ескертулерді орналастыруға міндеттеме енгізілуде.
Заң ойын мекемелерінің, букмекерлік кеңселердің немесе лотереялардың жұмысының типтік ережелерін қабылдауды көздейді. Типтік ережелерде казино мен букмекерлік кеңселер клиенттерінің мүдделерін қорғайтын нормалар көзделетін болады.
Заңмен құмар ойындарға тәуелді адамдарды медициналық оңалту тәртібі де анықталған. Осылайша, медициналық құпияны сақтай отырып, құмар ойындарға тәуелді адамдарға консультативтік бақылау динамикалық тіркеусіз енгізілуде.
Заңның маңызды жаңалықтарының бірі – 21 жасқа толмаған тұлғаларға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу. Осылайша, бұл норма балаларды энергетикалық сусындардың зиянды әсерінен қорғауға мүмкіндік береді.
Заң байланыс операторларына құмар ойындар мен бәс тігуге арналған жарнаманы қамтитын хабарламаларды жіберуге тыйым салады.
Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың орналасқан жерінде, спорт құрылыстарының ішінде және спортшылардың жабдықтарында орналастырылғандарды қоспағанда, ғимараттарда, көлік құралдарында букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар ғимараттарының сыртқы жарнамасына тыйым салынады.
БАҚ-та спорттық тақырыптағы, сондай-ақ отандық телеарналардың халықаралық спорт жарыстарын тікелей трансляциясы кезіндегі жарнаманы қоспағанда, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды бұқаралық ақпарат құралдарында, кино, бейне және анықтамалық қызметтерде жарнамалауға тыйым салынады. Букмекерлік кеңселердің жарнамасын таратқан жағдайда 60 АЕК және одан жоғары айыппұлдар қарастырылған.
Сондай-ақ, Туризм және спорт министрлігінің шетелдік букмекерлік кеңселердің, лицензиясы жоқ тотализаторлардың, интернет-казинолардың тізімін жүргізу, сондай-ақ банктер мен төлем ұйымдарының олардың пайдасына қаржылық операцияларды жүргізуіне тыйым салу құзыретін белгілейді. Сонымен бірге, енді онлайн-казино ұйымдастырушыларына екі жылға дейін бас бостандығынан айырылумен қылмыстық жауапкершілікке тартылу қаупі бар.
Айта кететін жәйт, Заңға сәйкес, электронды лотерея билеттері тек ресми интернет-ресурс немесе лотерея операторының мобильді қосымшасы арқылы сатылады. Осылайша, «Lotomatic» терминалдары мен лото клубтарының қызметіне тыйым салынды.
Мұнымен қоса, лотерея билеттерін тұрғын үйлерде, жатақханаларда, ұйымдарда, білім беру, денсаулық сақтау, діни ғимараттары мен құрылыстаынрда, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарынан жүз метр радиуста таратуға тыйым салынады.
Бұл шаралар көшелерде лотерея өнімдерінің физикалық тұрғыдан болуын бірнеше есеге азайтады. Көшеде тек классикалық лотереяларды сататын нүктелер қалады.
Үнзила Шапақ,
Фейсбук парақшасынан