ҚАЗАҚСТАНҒА АЭС САЛУ - ҚАЗАҚТЫ ҚҰРТУ!
2022 ж. 17 ақпан
20789
1
Ол АЭС-ты басқа емес, Ресейге салғызса, қазақты жою мың есеге артады.
Қасиетті Абай елінде қырық жыл қырғын жасаған Семей полигонының маңында өскен мен үшін Ресей салатын АЭС - Семей жеріне қырық жыл қырғын жасаған сол бір есепсіз атом бомбаларымен бірдей жантүршігерлік апат екенін ашық айтамын!.
Мына менің Туған әкем, анам, әпкем, інім, әкемнің інісі, басқа да қаншама жерлестерім - осы аты жаман қатерлі ісіктен көз жұмғанын мен қалай ұмытайын? Ол рак ауыруын жаңағы қырық жыл қазақ жерінде жарылыс жасаған атом бомбасының әсері екенін мен жақсы білемін.
Осы АЭС-ты салғызғысы келгендердің барлығы да қазаққа дос емес! Олардың ойы қазақты орысқа қайтадан құл ету!
Осындай теріс пиғылдылардың көзі жойылсын!
Қазақ жеріне АЭС салдырмайық, "қалың елім, қазағ,ым, қайран жұртым!.."(Абай).
Жұмаш Кенебай,
Семей атом полигонының зардабын тартушы,
Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері,
Қазақ телевизиясының ардагері,
Қазақ үні