“Бұл ойыншықты балаңызға алып бермеңіз, өйткені ол гейлердің туы” – Журналист
2021 ж. 25 мамыр
22669
0
Журналист Салтан Сайранұлы ЛГБТ байрағының түсіне ұқсас ойыншықты балаларға алып бермеуге кеңес берді.
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
“БҰЛ ОЙЫНШЫҚТЫ БАЛАҢЫЗҒА САТЫП ӘПЕРМЕҢІЗ!
Қазір мына “антистрес” ойыншығын көп баланың қолынан көресіз.
Ойыншықтың түсі есіңізге ештеңені түсірмеді ме?
Күні кеше ғана Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ-тың елшілігі осы түстес туды ғимараттарына іліп, әлеуметтік желіні біраз шулатқан еді. Жалпы, еліміздегі АҚШ елшілігі 3-4 жылдан бері бұл туды ара-тұра осылай желбіретіп тұрады.
Бұл ту – әйелді қойып, еркекке шапқанқандығы үшін төбелерінен күйдірілген балшықтан тас жауып, жермен-жексен болған, осылайша Алланың қаһарына ұшыраған Лұт қауымының туы.
Яғни, ЛГБТ (лесбиан, гей, бисексуал, трансгендер) қозғалысының байрағы.
Бұлар қаншама жылдан бері елімізде бір жыныстылардың некесін заңдастыра алмай әлек болып жүр. Ер мінезді қазақ халқының бұған оңайшылықпен жол бермейтінін білгендіктен те бұлар енді осындай түрлі жолдардан біздің тамырымызды басып көруде. АҚШ елшілігінің жыл сайын ЛГБТ-ның туын ілуі де біздің көзімізді үйрету үшін жасалып жатқан әрекеттері.
Енді міне, бұл ту қалайша балаларымыздың сүйікті ойыншығына айналып кеткенін сезбей де қалдық.
Біраз жыл бұрын ЛГБТ қозғалысының «құрметіне» Lego ойыншығы да шыққан еді.
Қысқасы, құрметті ата-аналар, бұл ойыншықпен балаларыңыздың ойнауына түбегейлі қарсы болыңыз. Сатып та әпермеңіздер!
Бүгін бұл ту балаларымыздың ойыншығы болса, ертеңгі күні балаларымыз бұл тудың «ойыншығы» болмасына кім кепіл?
Сондықтан да, азғындықтың жаршысы болғандардың бұл байрағын балаларымыздың қолында “желбіретпейік”!
Бұлардың туына бүгін көзі үйренген ұрпақтың ертеңгі күні еті де үйреніп кететіндігін ұмытпайық”, – деп жазды ол.