Қазақтың түбіне несие жетеді...
2021 ж. 18 мамыр
20246
1
Қаңтар айында Каспи банктен 600 000 мың кредит алып, оның 300 000 теңгесін жауып тастадым да, қалған 300 000 тг. екі жылға создырып алғам. Төрт ай ай сайынғы төлемін кешіктірмей төлеп отырдым. Телефонымдағы жүктемеден күнде кіріп, қанша қалғанын көріп отырдым.
До срочное погащение деген сілтемесіне кіргенімде 251 мың бірдеңе теңгесі қалғанын көрдім де Қалекеңе "осыны жауып тастайық" дедім.
Енді бүгін кірсем 260 мың боп тұр. "Бұл қалай?" деп банкке жүгінгенімде олардың айтқаны "До срочное погощение күнде өсіп тұрады" деді. Сонда менің ай сайын төлеп тұрған төлемімнен банк онсыз да өздеріне тиесілі процентін алып отыр.
Керісінше азайғанның орнына өсіп тұрса, бір айдың ішінде жаңағы до срочном қайта үш жүз мың болып тұра ма?
Сосын 251 мың қалайша бір-екі күннің ішінде тоғыз мыңға көтеріледі?
Осыны түсіндіріп бере алатын қаржы мамандары бар ма?
Бәлкім солардың тілін түсінетін шығармын.
Әйтпесе бүгіндікке хабарласқан үш менеджердің үшеуі де бір-бірін қайталап әлек.
Гүлжан Амангелдіқызы
Фейсбуктегі парақшасынан