Жұлдызай Форт: ҚАЗАҚТЫ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕТПЕЙ ТҰРҒАН - ҚҰЛДЫҚ САНА!
2020 ж. 22 мамыр
3068
0
Жаңа ғана поликлиникадан келдім, осы мекемеде басшысымен қоса ұжымның 90%, емделушілердің 65% қазақтар, бірақ, басым көпшілігі сол баяғы орысша шүлдірлейді. Міне, бүгін де солай болды. Мен бірінші ана жолғы орысша оқығанмын деп мақтанған мәңгүрт маммологқа бардым, алдыңғы күні ол маған дөрекі сөйлегені үшін мен бас дәрігердің орынбасарына шағымданған соң, ол біраз жуасып қалыпты, бірақ "жолдама" деген сөзді білмейді екен, оны мейірбикесінен сұрады, мен оған «Міне тұр ғой» деп, саусағыммен қағазда жазулы тұрған сөзді көрсеттім. Сосын тағы тест тапсырып келсем, есіктің алдында маған алдында орысша сұрақ қойған қазақпен екеуі орысша сөйлесіп тұр екен.
Мен отырған 40 жас шамасындағы әйелге қазақша сөйлеп едім, ол орысша жауап қатты, мен оған: «Мен қазақпын, қазақша сөйлей беріңіз десем», ол: «Я тоже казашка» деді.
Мен оған «Қазақтар қазақша сөйлемей ме?» дедім.
- У меня родители дома говорили по-русски, хотя мама владеет казахским, но нас не учила казахскому. Мне самой неудобно оттого, что я не владею казахским, особенно когда обращаются пожилые казахи и еще переживаю о сыне.
- А почему Вы его не отдадите в казахскую школу?
- Я не смогу с ним заниматься по-казахски.
- А это Вам не нужно, с ними будут учителя заниматься и Вы сами можете учить казахский.
- Сыну 4,5 года.
- Он в какой садик ходит?
- В русский.
- А почему Вы его в казахский садик не отдадите?
- Он же по-казахский не понимает.
- Ну, ничего, в таком возрасте он быстро выучит любой язык, я, например, до 8 лет не владела русским, но смогла окончить русскую школу с отличием. Вы не бойтесь, отдайте его в казахские садик и школу.
Сөйтіп тағы біраз үгіт-насихат жүргізіп, мейірбике босаған соң, керек қағаздарымды алдым. Мейірбике маған: «Сіз менің дәрігерімді жақтырмайсіз, иә?» деді
- Ол мені жақтырмаған соң, мен де оны жақтырмаймын. Мен мәңгүрттерді жек көремін. Орысша сөйлегендеріне мәз болып жүр, мен орысша сөйлесем, мен одан жақсы сөйлеймін, өйткені мен орыс мектебін медальмен бітірдім.
- А, онда неге қазақ тілін талап етіп жүрсіз?
- Қазақтарды көбірек жұмысқа алсын, ана тілінде қызметке қолдары жетсін деп.
Сөйтіп мейірбикемен де үгіт-насихат жүргізіп кетіп, басқа кабинетке барсам, бір жас қазақ жігіт келіп, менен орысша бірдеңе сұрады. Мен қазақша жауап бердім, сөйтсем ол қазақша жақсы біледі екен. Мен одан: «Сізден сұрасам бола ма, сіз менің қазақ екенімді көріп тұра, неге маған орысша сөйледіңіз?»
- Мен солай орысша сөйлеймін.
- Неге?
- Так, привык говорить по-русски.
- Но ведь это же глупо, будучи казахом говорить с казахами по-русски!
Осыдан соң тағы басқа кабинетке бардым, ол жерде 6 қазақ еркектері отыр екен күтіп, қазақ мейірбике шығып аналарға: «Справки еще не готовы, подождите», – деді
Ана кісілер орысша жамырай жөнелді. Мен мейірбикеге: «Бұлардың бәрі қазақтар, неге қазақша сөйлемейсіз?» - дедім таңырқап. Сосын ол қазақшаға көшті де, кабинетке кіріп кетті.
Мен ана еркектерге: «Ал сіздер неге, қарындас, қазақша сөйлеңізші демейсіздер? Өздеріңіз ерсіздер ме, езсіздерме?» десем, жас біреуі күлді, басқалардың ауыздары ашылып қалды. Кабинетке кірсем, әлгі мейірбике қазақ дәрігермен орысша сөйлесіп отыр екен. Мен бір «Қазақ тілі керек емес деген мәңгүртті бірдеңені сылтауратып, тұмсығын бұздым» деп фейсбукте коммент жазған жігітті есіме түсіріп, "Әттеген-ай, біздің Өскеменге сондай тұмсықбұзар жігіттер өте керек екен!" деп ойладым.
Міне, Өскеменде қазақ тілі жағдайы әлі осындай аянышты, енді осыған дәл қазір кім кінәлі, кім бізге қазақша сөйлетпей жатыр – тек қанымызға сінген құлдық сана ғана!
Жұлдызай Форт,
Фейсбук парақшасынан