Жовтистің ұмтылысы жалған патриоттық
2020 ж. 03 мамыр
1348
0
Неліктен қазір, мистер Жовтис?
Өз сөзінде Е.Жовтис өзінің патриоттық сезімін және азаматтардың - өз отандастарының құқығы үшін күресуге деген ұмтылысын дәлелдеуге тырысады. Дегенмен, Жовтистің есімі Wikileaks-тің біршама танымал материалдарында жиі айтылады, бұл көпшілікке көрсетілмеуі керек фактілердің болуын білдіреді.
Жағдайды толық көру үшін үш негізгі сұраққа жауап беру керек.
Біріншіден, Е.Жовтиске бұл не үшін қажет?
Е.Жовтистің шетелдік серіктестер алдындағы ұзақ мерзімді міндеттемелері бар. Бұған ресми сайтында әр брифинг пен ақпараттық бюллетеннің саналып, Бюроның қызметі туралы көптеген есеп берулер дәлел бола алады.
Е.Жовтистің Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі бюросы 2003 жылдан бастап АҚШ мемлекеттік департаментінен Сорос қоры, Open Society Foundation мен USAID арқылы жанама көмек алушы болып келеді.
АҚШ-тың Қазақстанда адам құқықтарының бұзылуына қарсы тұру және демократияны нығайту жөніндегі стратегиясы мен әрекеттерінің қысқаша сипаттамасына сәйкес, 2003 жылы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы (KIBHR) DRL АҚШ Мемлекеттік департаментінің бюросынан адам құқықтары және азаматтық қоғамды дамыту бойынша жобаға 50 000 АҚШ доллары көлеміндегі он гранттың бірін алды.
2004 жылы USAID 252,000 АҚШ доллары көлемінде институционалдық гранттар бөлді. Азаматтық қоғамды дамытуға арналған гранттар Қазақстандағы жастар, әйелдер, қарттар мен мүгедектерге бағытталған ҮЕҰ бағдарламаларына бағытталды.
Бірақ Жовтиске өткен кезеңдерде ғана ақша бөлініп қойған жоқ. Open Society Foundation берген гранттары бойынша есебіне сәйкес, адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі бюросы (KIBHR) 2017 - 2019 жж. 250 000 АҚШ доллары мөлшерінде институционалдық қолдау алды (грант: OR2017-38344). Бұл туралы www.opensocietyfoundations.org/grants/ ресми сайты мақтанышпен хабарлайды.
Екіншіден, неге нақты Е.Жовтиске?
Е. Жовтис шетелдік серіктестер үшін жеке тұрғыдан маңызды.
Е.Жовтистің көлігмен жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы сот процесі кезінде шетелдік серіктестер қарапайым Қазақстан азаматының сот ісіне араласуға мәжбүр болды. Сот ісі толығымен азаматтық сипатта болып, ешқандай жағдайда шет мемлекеттердің, әсіресе халықаралық ұйымдардың мүдделерін қозғамағанына қарамастан, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы (қазіргі Нұр-Сұлтан) осы оқиға туралы есеп беру жариялады.
Нәтижесінде Орталық басшысы Кельчевский мен Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілі Қ.Әбдірахманов арасында әңгіме болып, оның барысында Кельчевский ЕҚЫҰ істі қарау үшін қазақстандық заңгерлік фирмасын жалдағанын мойындады. Бұл туралы Wikileaks-те айдан анық жазылған.
Сонымен қатар, Кельчевский ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің осы «маңызды» мәселе бойынша «біртұтас майдан» құру туралы бастамаларын қолдады. Ол Жовтистің адам құқықтары жөніндегі бюросының жұмысы үшін қарашада Францияда сыйлыққа ие болатынына сенімді болды, сонымен қатар: «Мүмкін бұл біз ойнай алатын ойын шығар? Біз Жовтис пен оның ұйымын әйгілі әрі мейлінше танымал ету арқылы көмектесе аламыз» деп атап өтті.
Онымен бірге, 2009 жылғы 28 қыркүйектегі Wikileaks мәліметтеріне сәйкес, Қазақстандағы Сорос қорының директоры Анна Александрова с.ж. 22 қыркүйек күні АҚШ миссиясы басшысының орынбасарына «Ашық қоғам» институты (OSI) АҚШ-тың танымал заңгері Скотт Хортонды Жовтистің заң тобына көмектесу үшін Қазақстанға жібергені туралы хабарлады. Александрованың айтуынша, Хортон бұл іске «кең мүмкіндік» алу үшін Жовтистің қорғау тобынан тыс адамдармен де кездесуге тиіс болған. АҚШ елшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Омаровқа Хортонның алдағы 11 қыркүйекте келетіні туралы ескертті және бұл АҚШ үкіметі емес, «Ашық қоғам» институтының бастамасы екенін баса айтты.
Сонымен, неге Жовтис дәл қазір белсеніп кетті?
Қазақстан Республикасының Үкіметі КВИ мен экономикалық дағдарысқа қарсы күрес жұмыстарымен айналысып жатқан кезде, аудитория кез-келген ақпараттық оқиғаны мәжбүрлі түрде үйде жату күндерінде тым өткір қабылдайды. Сонымен қатар, алдағы кезектен тыс сайлау туралы үдеп келе жатқан сыбыстар Е. Жовтистің шетелдік серіктестерінің де белсенуін тудырады.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ Қазақстандағы кез-келген сайлауға белсенді қатысушы болып табылады, бұған келесі фактілер дәлел бола алады.
USAID үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарына көптеген шағын гранттар ұсынады. Әрі гранттардың көп бөлігі сайлаушылардың құқықтары бойынша ақпараттық науқандарға бөлінеді. Атап айтқанда, байқау ұйымдастырылып, оның барысында сайлауға қатысты әлеуметтік жарнама (PSAs) бар роликтер жарияланады.
USAID-тің іске асыру бойынша екі серіктесі - Ұлттық Демократиялық Институты және Халықаралық Республикалық Институт бүкіл Қазақстан бойынша тіркелген барлық саяси партияларды қамтыған 58-ден астам тренинг өткізді. Мемлекеттік департаменттің гранты жергілікті социологтар мен саясаттанушылар қауымдастығына (ASIP) сайлаушылар арасында бүкілхалықтық сауалнама жүргізуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, АҚШ-тың гранттық көмегі Қазақстанның үкіметтік емес жастар ақпараттық қызметі жүзеге асыратын жоба - Жастар сайлаушылар лигасына көрсетілді; АҚШ-тың басқа қорлары «Жастар сайлауда» Ұлттық пікірсайыс турнирін қолдады.
Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің Демократия мәселелері жөніндегі комиссиясы ҮЕҰ жобаларына, соның ішінде ҮЕҰ қауымдастықтары мен жергілікті өзін өзі басқару органдары лауазымдық тұлғаларының біліктілігін арттыруға, ҮЕҰ мен үкімет арасындағы ынтымақтастықты жақсартуға, сондай-ақ лауазымдық тұлғаларға білім беруге бағытталған жобаларға қосымша $ 220,000 бөлді.
Сондықтан Евгений Жовтистің ұмтылысы жалған патриоттық және тек кәсіби мүдделерімен бүркелген, оған салынған ақшаны еңбекпен өтеуге деген ұмтылыс.
Махамбет Ерғали,
Фейсбук парақшасынан