"Қазақ үшін өте қауіпті ұстаным": Қоғам белсендісі Омар Жәлел туралы айтты
2020 ж. 12 наурыз
4578
0
Қазақтың көптеген оқымыстылары мәңгіріп кетіпті.
Біреуі: »Қыз - тауар! Кеуіп кететін маркер» деді. Ел жазғырды. Мен де жазғырдым. Бірақ көпшілік Жәлелдің ауызынан шыққан осы сөздері үшін оны «жерден алып, жерге салса», мен оған сол сөздерді айтқызған оның түпкі түсінігіне, пайымына наразылық жасадым. Мұны қазақ үшін өте қауіпті ұстаным дедім. Мақсатым оқиғаның салдарын емес, сол оқиғаның шығу себептерін елге көрсетіп беру болатын. Өйткені, себебі жойылмаған жамандық - мәңгілік қасірет! Осыны ұмытпағанымыз жөн. Қош деңіз.
Енді қазір «Қыз намысын қорғаудың» жөні осы екен деп, екінші біреулер, қазақтың мақал-мәтелдерін терістеп жатыр! Бұл ұстаным - Жәделдің жаңылысқанынан да қазаққа қауіптірек!
Мәселен кейбіреулер: «Жол мұраты - жету, қыз мұраты - кету», «Қатынның шашы ұзын, ақылы қысқа», «Байтал шауып бәйге алмас», «Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді» деген сияқты т.б., көнеден келе жатқан мақалдарды, ескірген, уақыты өткен, бұл қазір қызды қорлау дейді!
Оу, ағайын, мен айтайын: бұндай қазақ пәлсапалары - мың-мыңдаған жылдан бері ескірмей-ақ, әбден ұшталып, ұлтымызға ғасырлар бойы мүлтіксіз дұрыс жол көрсетіп, соның арқасында жойылып кетпеуге жол ашқан асыл мұрамыз бұл! Әр халықтың мақал-мәтелдері - оның ұлттық коды, гендік жады. Ұлттық кодты терістеу, я өзгерту - қандай ғұлама, тіпті (шындықтан қаша алмайсың!) Пайғамбар болса да, адамның қолынан келмейді! Әне, қызды, ананы әжетке керек зат деп қараған арабтың болмысын (ұлттық кодын) өзгертемін, жоямын деген, Мұхаммед пайғамбарда түбегейлі жоя алмапты! Бұған дәлел: өз «даналығын» дін исламнан алған Жәлел және сол сияқтылардың сөзі, түйсігі, тұжырым жасау логикасы! Көріп жүрміз.
Кім қалай айтса да, діннің, оның ішінде ислам дінінің не екенін ғылыми тұрғыдан зерттеп білмеген адам, қыз, ана деген қастерлі ұғымдардың қадіріне ешқашанда жете алмайды! Ешқашанда! Себебі, ислам дініне әйел болмысын тек азғындықтың көзі, ошағы деп қабылдаған арабтың ұлттық коды, ежелгі танымы еніп кеткен. Соның салдарынан әйелге басынан бақайшығына дейін жабық жүруді мансұқтаған. Ашық қалған екі көзіне де тор жапқан.
Міне қазіргі сайрап жүрген «ғұламалар» уыздай еметін осы «даналық» - арабтың ұлттық кодын өзгертпей (қолыңнан келсе!), яки сол кодтан ислам дінін тазартпай, мұсылмандар әйел статусын өз тұғырына (мысалы Көктүріктер сияқты) көтереді деп ойлау - қатты адасу!
Геройхан Қыстаубаев, Фейсбук парақшасынан