Марат Бәйділдаұлы: ЖАЗЫҚСЫЗ ҮКІМ, ӨШТІКТЕН ТУҒАН ҰЙҒАРЫМ
2020 ж. 21 ақпан
2729
0
Сот екеуін ақтап жіберсе финпол екі азаматты бір жылға жуық әуре-сарсаңға салғаны үшін жауапты болып қалады. Ондай жағдайда финпол ерегіспен сот саласына шүйлігері анық. Соттамайын десе финполдан қорқады, соттайын десе қоғамдық айыптаудан қорқады. Екі оттың ортасында қалған судья Қажымұқан Мекемтас жоғары жақтың келісімімен болар Ислам мен Серікті құрбандыққа шалып жіберді. Бұл Қазақстанда сот саласында әділеттіліктің жоқ екендігін көрсетеді.
Судьяның адвокат Абзалға, журналистер Өмірзақ пен Сәулеге қатысты «сот беделін түсірді» деп арнайы ұйғарым шығаруы тіпті кісі күлерлік жайт. Сот беделін олар емес нақ өзі түсіріп жүргенін қатысып отырған жұрт талай рет көрді ғой. Сондықтан мұны мен судьяның жеке мүддемен ӨШ алуы деп есептеймін.
Ислам мен Серік бұл әділетсіз үкімнен соң еңселері түспей, желке жүндері жығылмай аяғына дейін күресулері керек. Халық көріп отыр, халық Сіздерді қолдайды! Түбінде шындық жеңеді!