Елордада тағы да мешіт салынбақшы...
2020 ж. 09 қаңтар
2020
0
Елордада тағы да мешіт салынбақшы. Биіктігі 130 метр, 4 бағаналы болады екен. Құрылысы 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Жалпы мұсылман болып бетіңді Қағбаға бұрып, жығылып 5 уақыт намаз оқыған дұрыс қой. Бірақ елімізде соңғы жылдары мешіт салу үрдісі кең етек алды. Мешіт спонсорлардың ақшасына салынады-мыс деген сыбыс бар.
Осы спонсорлар неге балабақша, мектеп, үй салып бермейді мұқтаж жандарға. Өзіміздің Нұр-Сұлтанда бала-бақшаға кезекке тұрғандардың саны күн санап артып келеді. Ал әлеуметтік тегін үйге мұқтаж көп балалы аналардың кезегі жыл өтсе де жылжымайды. Мешітті салды делік. Жұма намазға жұрт жиналады. Ал қалған күндері қаңырап бос тұрады немесе бай-бағландар ас беріп, ораза күндері тегін тамақ таратады.
Біздің қоғам, жалпы ақшасы бар спонсорлар нағыз мұқтаж жандарға көмек берсе екен.
Айтпақшы, мешітке келіп жатқан келімсектерді ешкім бақылап отырған жоқ. Қай мазхаб, қай ағымда екені беймәлім. Оны имам да, Иван да тексеріп жатқан жоқ.
Мешітке барып, басқа ағымға кіріп кетіп, ақыры сүйегі Сирияның сахарасында шашылып кеткен "соқыр" қазақтың ұлдары қаншама...
Салтанат Әшірбай,
Фейсбук парақшасынан