Ұларбек Нұрғалымұлы: Қазақ өзі қандай елге айналып барамыз?
2019 ж. 09 қазан
3666
0
Емтиханнан құлап қалған баланы "телефонын алып ап, көшіре алмай қалыпты" деп ата-ана да, мұғалім де қысылмай, ашық айта беретін болыпты. Баласы да "екі телефон алып кірдім, екеуін де алып қойды, енді маған не қыл дейсіңдер" деп өзі міндетін ада қылғандай мінді емтихан қабылдаушыға аударып қойып қарап отыра береді екен.
Сонда қалай? Бұл нәрсе ұятқа саналудан қалған ба? ҰБТ-да өзінің қалай көшіріп оқуға түсіп кеткенін еш қысылмастан (қысылғаның не, ерлік санап) университтегі мұғалімге айтып отыра беретін студенттер пайда болыпты. Ұрлық ұятқа саналмаса мақтаныш болады екен-ау. Қазақ өзі қандай елге айналып барамыз?
"Қыз басымен ол ұялмады, қатын басыммен мен ұялдым" дегендей дүниелер көп болып тұр.
Неге?
Ұларбек Нұрғалымұлы,
Фейсбук парақшасынан