Бұл туралы informburo.kz порталы жазды. "Aq Jol" партиясының съезі Wyndham қонақ үйінде өтті.

"Aq Jol" партиясының съезі осында өтті
"Aq Jol" партиясының съезі осында өтті / Сурет informburo.kz

Залдағы қос экранда "Aq Jol" партиясының Парламенттегі фракциясының депутаттары мен әр облыстағы партия көшбасшыларының баяндамалары, таныстырулары мен Президенттікке өзін ұсынған делегаттардың үндеулері көрсетіліп тұрды.

Съез осы залда өтті
Съезд осы залда өтті / Сурет informburo.kz

Съезге спортшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қоғам қайраткерлері, журналистер, дәрігерлер мен малшылар қатысты.

Қостанайдан келген делагат
Қостанайдан келген делегат / Сурет informburo.kz

Экраннан презантацияда Петр Своиктің "мен төртінші жүзбін" деп сөйлеп жатқаны көрініп тұрды.

Президентке үміткерлікке кандидаттар

  • Мәжіліс депутаты Дания Еспаева;
  • Кәсіпкер Қуат Рақымбердин;
  • Кәсіпкер Асан Қошманбетов;
  • Кәсіпкер Серік Ерубаев;
  • Кәсіпкер Талғат Ерғалиев;
  • Евгений Кинцель.

Құрылтай басталды

Азат Перуашев партияның он бесінші құрылтайы ашық деп жариялады. Әнұран орындалды.

Әнұран айтылды
Әнұран шырқалды / Сурет informburo.kz

Екінші орында шетелден келген құттықтау хаттар оқылды.

Азат Перуашев Бағдарламаны таныстырды
Азат Перуашев Бағдарламаны таныстырды / Сурет informburo.kz

Үшінші кезекте Президумға 7 адам сайланды. Дауыс беріліп, бекітілді.

221 делегат келді

Алғашқы сөз: Мандат комиссиясының мүшесі Шынасылова Мирашқа берілді. Ол құрылтайға сайланған 254 делегаттың 221 келгенін хабарлады.

Бірінші мәселе. Партия Президенттік сайлауға түсе ме? – Иә!

Перуашов: – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қызметін доғарып, заңға сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев Президент міндетін атқарып отыр, – дей келе кешегі өткен Нұр Отан партиясының Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынғанын айтып, құттықтады. Алдағы сайлаудың әділ, демократияға сай өтетініне сенетінін жеткізді. – Осыған орай алдағы сайлауға түсу маңызды деп санаймын. Қатысамыз ба? Дауыс беріңіздер! – деді. Делегаттар бір ауыздан қолдады.

Партияның сайлауалды бағдарламасы

Жеті қадамы:
  • Бірінші – бәсекелестік және жаппай кәсіпкерлік;
  • Екінші – тәуелсіздік және "Алаш" ұлттық идеясы;
  • Үшінші – білімді ұлт және әділ қоғам;
  • Төртінші – жұмыссыздықты жою;
  • Бесінші – тұрғын үй мәселесі;
  • Алтыншы – демократия және парламентаризм;
  • Жетінші – жемқорлыққа және оффшорлыққа қарсы күрес.

"Алаштың" жалғасымыз

Азат Перуашев: – Біз Алаш идеясымен қаруланып, ұлт үшін күресеміз. Басқа ешқандай партияда мұндай Алаштық идея жоқ, – деп жариялады.

Алаштанушы Сұлтанхан Аққұлы да келген / Сурет informburo.kz

Бағдарламаны талқылауға ұсынды. – Бұл бағдарламаны Президенттікке кандидат таңдалғаннан кейін жалғасы жетілдірілетін болады. Қосымша ұсыныс бермесе, қабылдайық. Дауыс беріңіздер. Қабылданды, – деді партия төрағасы.

Таңдау қалай өтеді?

Алдымен әр үміткер өздерін таныстарды, үндеулерін айтады. – Жасырын дауыс беру тәсілімен таңдалады. Бұл – ұсыныс. Сосын партияның басшылығы ақылдасады. Есеп комитеті бәрін есептеп отырды. Сол негізде рет-ретімен сайланады, – деді партия төрағасы. Жарыссөз алдын ала дайындалып қойған екен. Үлкен экранда көрсетілді.

Бірінші үміткер – құқық қорғаушы, кәсіпкер Евгений Кинцель

Алғашқы сөзді Солтүстік Қазақстаннан келген делегат Евгений Кинцель өзінің құқық қорғаушы екенін, кәсіпкерлердің құқын қорғап жүргенін айтты. Ол Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен бастады. Презентациядан кейін сахнаға шығып, өзінің бәріне дайын әрі күші мығым екенін айтты.

Евгений Кинцель / Сурет informburo.kz

– Бағдарламам бойынша менің мақсатым – Президент болу, тым болмағанда ең көп дауыс жинау. Мен бай емеспін, мені қолдаңыздар, – деді Евгений Кинцель.

Екінші үміткер – Асан Қошманбетов. Жамбыл облысынан

Презентациядан кейін бірден сахнаға шыққан Асан мырза сұрақ-жауапқа көшуді сұрады. – Мен Президенттікке өз кандидатымды ұсынып отырмын, қолдауларыңызды сұраймын. Менің бағдарламам қарапайым халықтың құқын қорғауға құрылады, – деді Асан мырза. Асан мырза әкесінің бес жасында жетім қалғанын, өзінің де өмір қиындығын көріп өскенін, саудаға кеткенін айтты. Сол еңбекқорлығының арқасында Жамбыл облыстық мәслихатына депутат болыпты. Қиындықты да, дамуды да көргенін, өзінің ісіне мығым кандидат бола алатынын айтты.

Асан Қошманбетов / Сурет informburo.kz

"Президент болатын адам қандай болу керек" деген сауалға "Тек шындықты айтатын адам болу керек" деп жауап берді.

Үшінші үміткер – Қазақстан Құрылыс қауымдастығының төрағасы Талғат Ерғалиев

– Жемқорлықпен, оффшорлықпен күресу. Біздің байлығымыз мұнай мен кен емес, ақылды да текті азаматтар – деп бастаған Талғат мырза өнеркәсіп, құрылыс саласын және білім мен даму үрдісін тілге тиек етті. – Ел үшін, жер үшін, Алаш үшін адал қызмет етуге дайынмын. Қазақстан өзінің кен-байлығының пайдасын көруі керек. Халық АЛЖИР-де тұрғандай болмау керек. Мемлекетті тонауды тоқтатып, халықты үймен қамтуымыз керек, – деді Талғат мырза.

Талғат Ерғалиев / Сурет informburo.kz

Сұрақтарға жауап беріп, құрылысты кеңейтіп, халықты үймен қамтуға болатынын, инвестицияны тартуда жемқорлыққа жол бермей, Норвегия үлгісіне қарап, бой түзеп өсуіміз керек деді. Сонымен бірге мемлекеттік басқаруды халыққа беру арқылы биліктің қуатын халыққа беріп, монархияның алдын алуға болатынын ескертті.

Төртінші үміткер – жетім қыз Дания қалай депутатқа айналды?

Дания Еспаева Ақтөбе облысының бір кішкене ауылында дүниеге келіпті. 1 жасында шешеден, 12 жасында әкеден жетім қалған, ағасының үйінде ержеткен. Кейін қаржыгер болады. Өмір тауқыметін тартқан ол – бүгін "Aq Jol" партиясынан Парламентте депутат.

Дания Еспаева / Сурет informburo.kz

– Мен Әлия Молдағұлова апамды өзіме үлгі еттім. Мен үшін бұл дүниеде Алаштан артық ел жоқ, – деген Дания ханым Ахмет Байтұрсынұлының сөзінен үзінді келтірді.

Дания: "Алғашқы жұмысты экономикадан бастаймын"

– Әйелдердің бәрі сізді қолдап, Президент болсаңыз, бірінші жұмысты неден бастайсыз? – деп сұрады ақын, "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса.

Қазыбек Исаұлы
Қазыбек Иса / Сурет informburo.kz

– Алдымен экономикадан бастаймын. Ұлттық қордан жыл сайын екі үш млрд долларды трансфертпен шығарады. Мен жұмысты осыдан бастаймын. Ұлттық қор болашаққа қалу керек. Бақытты ана, әже ретінде көп балалалы аналар мәселесін шешемін. Оны шешу мәселесін анықтап қарау керек. Бүгін біз өзгерткен заң Сенатқа жіберілді. Онда көп балалы аналардың мәселесін шешудің механизмі жасалған. Бүгін көп балалы аналардың бір мәселесін шештік деп ойлаймын, – деп жауап берді.

Аналар үшін Президент боламын

– Қазір халықтың елу екі пайызының проблемасы – аналар мәселесі. Іскер әйелдерде де мәселе жеткілікті. Олар сіздердің аналарыңыз, қыздарыңыз. Сол үшін президенттік сайлауға қатысып, үміткерлікке өзімді ұсынып отырмын, – деді Дания ханым. Біздегі зейнет ақы қорын сақтау маңызды. Бізге зейнет ақы қорын басқаруды дұрыстау керек. Екінші, тоқтап қалған ЛРТ секілді жобаларға шетелден алған қарызды жұмсағанша, өз елімізге жұмсау керек. Бір бөлімі елімізге жұмсалуы керек. Ең маңызды оны сақтап қалу керек.

Бесінші үміткер – құқық қорғаушы Қуат Рақымбердин

Қуат мырза ең алдымен Дания Еспаеваны құттықтады. Сонымен бірге ең маңыздысы керегі эволюция, елімізде парақорлық, құқық қорғау органдарына сенбеушілік, сотталғандардың көптігі, денсаулық сақтау саласындағы өте төмен жағдайды айтты.

Қуат Рахимбердин
Қуат Рақымбердин / Сурет informburo.kz

– Қазақша білесіз бе? Қуат мырза: – Мәселе бар, – деді

Алтыншы үміткер – атыраулық кәсіпкер Серік Ерубаев


Қуат Рахимбердин
Серік Ерубаев / Сурет informburo.kz

– Мен бір кісі басқарса, шешім қабылдаса, қателік көп болады деп ойлаймын. Біз он бала болдық. Бәріміз біргіп, ақылдасып шешетін едік. Бір кісінің бәрін білуі мүмкін емес. Сондықтан мені қолдасаңыздар, еліміздің келе жатқан жақсы бағытын жалғастырып, әр саланың ең білімді азаматтарын таңдаймын, елмен ақылдасып жауап беремін, – деді. Сұрақ: – Ауыл жағдайын білесіз бе?– Мен ауыл жағдайын жақсы білемін деп айта алмаймын. Ауыл қалаға көшуге тырысып жатыр. Ауылдың жағдайы осы, – деді Серік мырза. Сұрақ: – Қазақ тілін қалай дамытуға болады? – Балабақшаны қазақшаға өзгерту керек. Мысалы, Жапонияны алуға болады. Абайдың "Басқа тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" дегенін айту керек.

Әйелдер бәрінде алда, Данияны ұсынайық

Мәжіліс депутаты Меруерт Қазыбекова: – Мен Данияны айтамын. Оның менің досым екені маңызды емес. Алғашқы әйел үміткер болғаны да маңызды емес. Ол – кәсіби маман, ана, әже, әйел. Халықтың елу екі пайызы – әйелдер. Бізде бәсекеге қабілетті топтағы дәрігер, мұғалім, дипломаттар негізінен әйелдер. Сайлауда да солар алда болады. Сол үшін демократияға, Данияға дауыс берсек! – деді депутат.

Мәжілісмен Меруерт
Мәжілісмен Меруерт Қазыбекова / Сурет informburo.kz

Сонымен бірге жиырма шақты адам сөз сұрағандықтан алдыңғы бесеуіне ғана сөз берілді. Дауыс берді. Алайда, тек екі адам міндетті сөз сұрады.

Бес қыздың ағасы, бес қыздың әкесі не деді?

Делегат Асқар Садықов: – Мен бес қыздың ағасымын, бес қыздың әкесімін. Мінберге шығып алып, мемлекеттік тілдегі сұраққа  жауап бере алмай тұру неге керек? Мемлекеттік тілді білетін,  қаржыны,  ішкі және сыртқы саясатты, жетім мен жесірді түсінетін адам керек.  Ендеше, әрі ана, әрі әже Дания Еспаеваны қолдауға шақырамын. Дания, сіз Президентсіз, – деп тоқтады. Бөріхан Нұрмұхаммедов ислам және христиан дінінен мысал келтіріп, Дания Еспаеваны қолдауға шақырды. Перуашев болса, екі діннің Құдайы бір, жолы басқа екенін ескертті.

Перуашев: Мен неге Президентікке кандидаттықтан бас тарттым?

– Біздің партия парламенттік жүйені қалайды. Бұл – Алаштың мұрасы. Екіншіден, бізден мығым үміткерлердің шыққаны мені қуантты. Сол негізде Евгенийдің ұсынысымен осындай дебат өткізіп отырмыз. Бізде бәсеке бар. Бәсекесіз даму болмайды, – деп өзінің сөзінен кейін жиырма минуттық үзіліс жариялады.

Үзілістегі таңдау

Үзіліс кезінде партияның басшылық алқасы, есеп комитеті кіші залға кіріп, жасырын дауыс беруге кетті.

Делагаттарға Сайлау билетін таратып тұр
Делегаттарға сайлау билеті таратылып жатыр / Сурет informburo.kz

Алты үміткерден бірін таңдау үшін жасырын дауыс берілді.

Дауыс беру үстінде
Дауыс беру / Сурет informburo.kz

Сайлау билетінде 6 үміткердің аты жазылыпты.

Делегаттың қолындағы сайлау билеті
Делегаттың қолындағы сайлау билеті / Сурет informburo.kz

Ашық билет сандығы да тұрды. Дауыс беріп болған соң, Есеп комитеті санайды.

Азат Перуашев дауыс берді
Азат Перуашев дауыс берді / Сурет informburo.kz

Есеп комиссиясының шығарған нәтижесі

Оны Есеп комиссиясының төрағасы, депутат Ерлан Барлыбаев оқыды. Жалпы 190 адам дауыс берді. Екеуінің дауысы жарамсыз болды.
  • Д.Еспаев – 49,5% (94 )
  • Т.Ерғалиев – 31,6% (60)
  • С.Ерубаев – 5,3% (10)
  • Қ.Рақымбердин – 2,7% (5)
  • А.Қошмамбетов – 5,8% (11)
  • Е.Кинцель – 4,2% (8)

Екінші тур

Перуашев: – Алдыңғы екі үміткер де елу пайыз дауыстан асып жинамады. Сол себепті, ашық дауыс береміз,– деп шештік. Дауыс берілді. Делегаттар Дания Еспаеваны қолдады. 15 адам қарсы болды. – Президенттікке үміткер – Еспаева Дания, – деп жариялады Перуашев.

Байтал шауып, бәйге алады


Арман Ысқабылұлы
Арман Сқабылұлы / Сурет informburo.kz

Журналист Арман Сқабылұлы: – Әйел адамдарды ұсынамыз дегеніміз. Өткенде бір ақсақал: "Мына кісі (жұбайын айтады) үйде шай құйып отырған ана. Үйден бір күн шығып кетіп, үкіметті аударып тастап келіпті" депті. Сіз анау жиырма бір мыңды ала алмай шырылдаған аналарға көмектессеңіз. "Байтал шауып, бәйге алмайды" деген сөз қате. Бабы жетсе, бәйге алады, – деп өтінішін білдірді.

Президенттікке кандидат Дания Еспаева: "Бұл – үлкен саяси мәдениет"

– Барлығыңызға көп рақмет. Мен келісімді беремін. "Партияның әр мүшесі – үміткер бола алады" дедіңіз Азат мырза. Бұл – үлкен саяси мәдениет. Басқа партиялар бізден үлгі алады деп есептеймін. Соңында анаға, жолы жіңішке әйелге жол бергендеріңізге рақмет, – деді. Сонымен бірге Арман Сқабылұлы айтқан мәселені бағдарламаға қосуға уәде берді.

Еспаеваға алғашқы сыйлық

Сұлтанхан Аққұлы Алаш партиясы және идеологиясы туралы сөз сөйледі. Әрі Дания Еспаеваға "Алаш айтқан асыл сөз" деген кітапты ұсынды.