Перудің экс-президенті өзін-өзі өлтірді
2019 ж. 18 сәуір
2873
0
Перудің бұрынғы президенті (1985-1990, 2006-2011) Алан Гарсия сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сот шешімімен ұстау кезінде өз-өзіне қол жұмсап, Лима ауруханасында көз жұмды, деп хабарлады сәрсенбі күні TeleSUR телеарнасы.
Сот Гарсияны он күнге қамау туралы шешім шығарған. Прокуратура қызметкерлері Лима аудандарының біріндегі үйінде экс-президентке ордер көрсеткен кезде ол өзін-өзі өлтірген. Өткен жылдың қарашасында сот Гарсияның елді 18 айға дейін тастап шығуына тыйым салған болатын.
Тергеушілердің пікірінше, саясаткер Odebrecht компаниясына тиімді келісімшарт жасалуы үшін 100 мың доллар алған болуы мүмкін. Бұрынғы мемлекет басшысы өз кінәсін мойындаған жоқ. 2018 жылы 17 қарашадан 3 желтоқсанға дейін ол Уругвай елшілігінде бой тасалап жүрген. Бірақ оған пана беруден бас тартылғаннан кейін резиденциядан кетуге тура келді.
Дереккөз: ҚазАқпарат