Тоқаев үштілділік жайлы: Бірінші қазақ тілі болуға тиіс
2019 ж. 28 наурыз
4772
4
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда үштілділік бағдарламасына қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте Үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылау барысында білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды.
"Бұл - өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек", - деді Қазақстан Президенті.
Бұрынғы білім министрі Ерлан Сағадиев осыған дейін 2019 жылы 13,5 мың мектеп мұғалім төрт пән бойынша ағылшын тілінде сабақ бере бастайтынын айтқан еді.