Ұлтараздықты қоздырды деген күдікпен Серікжан Біләш ұсталды
2019 ж. 11 наурыз
3515
0

Ұлтараздықты қоздырды деген күдікпен "Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләш ұсталды, - деп хабарлады inbusiness.kz.
Астана қалалық полиция департаменті "Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштің ұсталғанын растады.
"10 наурызда Астана қалалық полиция департаменті қызметкерлері әлеуметтік және ұлттық арандатуға бағытталған іс-әрекеттерге барды деген күдікпен Серікжан Біләшті ұстады. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне орай басқа жайттар жария етілмейді" делінген полиция мәлімдемесінде.