Қанат Бозымбаев: Менің тағдырым толықтай өз қолымда емес
2018 ж. 27 желтоқсан
4524
0
Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өзінің саяси мансабы туралы айтты, — деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.
«Өз тағдырым туралы айтып неғыламын, ол толықтай өз қолымда емес қой. Егер ер адамның күш-жігері неде десеңіз, менің салмағым 100 келіден асады, бәлкім күшім сонда шығар. Әрине, бұл әзіл. Ең бастысы еш қиындықтарға қарамай еңбек ету, мақсаттарға жету, күнделікті басқарушылық шешімдерді қабылдау. Қателік кетуі де мүмкін жұмыста, бірақ сонда да басшылық қойған міндеттерді орындауымыз керек», — деді Бозымбаев.
Оның пікірінше, министрлік биыл өзінің стратегиялық жоспарын 100% орындап шықты.