АҚШ Қытаймен сауда соғысы уақытша тоқтатылғаны туралы мәлімдеме жасады
2018 ж. 03 желтоқсан
2437
1
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қытай өнімдеріне бұрынғы 10 пайыздан артық (25 пайыздық) кедендік салық енгізілмейді. Есесіне Қытай көп мөлшердегі Америка өнімдерін, соның ішінде ауылшаруашылық өнімдерін дереу сатып алу туралы келісімге келді.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі voachinese.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Тараптар сондай-ақ, «құрылымдық өзгерістер» мәселелері бойынша келіссөздер бастауға келісті. Ақ үй мәлімдемесінің толық аудармасы төмендегідей: Ерекше маңыздысы Қытай төрағасы Си Цзиньпин гуманитарлық пиғыл танытып фентанилді [芬太尼(Fentanyl / Фентанил – әсері өте күшті апиын текті ауыру сезімін жоғалтатын (анальгетик) бір түрлі дәрі)] «қатаң бақыланатын дәрінің» қатарына жататынына келісті. Бұл фентанилді Америкаға экспорттайтын Қытай азаматтары енді Қытайда ең ауыр жазаға тартылатынын білдіреді. Сауда саласында Президент Трамп 2019 жылдың 1 қаңтарына келісілген, құны 200 миллиард долларды құрайтын қытай өнімдеріне 10 пайыздық кедендік алым сақталып, 25% деңгейіне көтермеуге келісім берді. Есесіне Қытай тарабы АҚШ –тың ауыл шаруашылық, энергетика, өнеркәсіп және басқа да өнімдерін өте үлкен мөлшерде сатып алуға келісіп, Қытайдың Америкадан заңсыз пайда тапқан, АҚШ зиян шеккен АҚШ-Қытай арасындағы сауда теңсіздігінің орнын толтыратын болды. Сондай-ақ, Американың фермерлер өнімдерін Қытай дереу (бірден) сатып алуға келісті. Президент Трамп пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин бірден «құрылымдық өзгерістер» туралы келіссөздер бастауға келісті. Бұл құрылымдық өзгерістер - 1) Қытайда жұмыс жасайтын Америка компанияларына Қытай билігінің компания технологияларын Қытайға беруге мәжбүрлеуі, 2) Американың зияткерлік меншіктерін қорғау (Қытайдың ұрлауына қарсы), 3) кедендік салыққа жатпайтын кедергілерді жою, 4) Қорғалған сетке (интернет желісіне) басып кіру және ұрлау (кибер-краж) мәселесі, 5) қызмет көрсету мен ауыл шаруашылығы саласы. Қос тарап алдағы 90 күн ішінде өзара келісімді бітіруге тырысатынын білідіріп, тараптар осы кезең ішінде келісімге келе алмаса, онда 90 күн өткеннен кейін 10% -тік кеден салығы 25% -ға дейін ұлғаятын болды.
Кенжебек Құдысұлы,
qazaquni.kz