Сьюзан Ширк: Қытайдың сыртқы саясаты - АҚШ-Қытай қарым-қатынасының шиеленісуіне алып келді
2018 ж. 24 қараша
3932
0
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда дауын азайтып, жалпы қарым-қатынастың одан ары ушығып кетпеуінің алдын алу үшін екі ел басшылары осы айдың соңында Аргентинада өтетін 20 мемлекеттің самитінде өзара келіссөзге дайындалуда. Профессор Сьюзан Ширк (Susan Shirk) «Америка дауысы»-ның тілшісіне берген сұхбатында Қытайдың сыртқы саясатын өзгертуі АҚШ-Қытай қарым-қатынастарының нашарлай түсуіне алып келді деп мәлімдеді.
АҚШ-Қытай қарым-қатынастары саласында ең ықпалды сарапшының бірі болып табылатын Сьюзан Ширк екі ел қарым-қатынастарының нашарлауы Ху Цзиньтаодың дәуірінен басталғанын айтты. Ал ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ішкі және сыртқы саясаты мен шешімдері Қытай елін тіпті де қауіпті елге айналдырды деді.
Әлемдегі экономикасы ең мықты екі ірі ел экономикалық сауда соғысын жүргізуде. Екі елдің көшбасшыларының «20-лық топтың» саммитінде кездесуі дауды жеңілдете ме, жоқ па ол жағы әлі белгісіз.
Көптеген сарапшылар АҚШ-Қытай қарым-қатынасының шиеленісуіне Си Цзиньпин кінәлі деп санайды. Сьюзан Ширктің айтуы бойынша АҚШ-Қытай қарым-қатынасының шиеленісуі 2000 жылдардың басында Қытайдың сыртқы саясатын өзгертуіне байланысты туындаған.
Сьюзан Ширктің пікірінше, 2008 жылы АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінен бастау алған әлемдік қаржы дағдарысының әсерінен көптеген Қытай азаматтарының демократиялық капиталистік модельге деген сенімін шайқалтты.
Оны байқап отырған Қытай үкіметі өз елінде экономикалық ынталандыру шаралары арқылы қаржы дағдарысының қытай экономикасына кері әсерін тигіздірмей, сонымен бірге қарқынды экономикалық өсуін де сақтап қалды. Осылайша, Халықаралық қаржы дағдарысы – Қытайдың біз жеңімпазбыз, біз мықтымыз деген көңіл-күйге ерте бой алдыруына себеп болып, Қытай барлық туындаған мәселелерді шешудің жауабын тауып алдық деп сенді. Осылайша қытай басшылары мен халқы сырт елдерге неғұрлым өктемдік сыртқы саясат қолдана бастады. Оны оңтүстік Қытай теңізіне байланысты туындаған мәселелерден де байқауға болады. Си Цзиньпин таққа отырғаннан бері жоғарыдағы аталған сыртқы саясатты тіпті еселеп үдетіп жіберді.
19-шы құрылтайда Си Цзиньпиннің сыртқы саясат туралы айтқандары өзге елдердегі сарапшылардың алаңдаушылығын тудырды.
- Қытай бағадарламалары, мемлекеттік жүйесі туралы айтылған сөздер 19-шы құрылтайдың тұтас әлемдік аумақта идеологиялық қырғи-қабақ соғысының декларациясы жарияланғандығын білдіреді, - деді Ширк.
Си Цзиньпиннің ішкі және сыртқы саясаты мен шешімдері Трамп әкімшілігінің де қарсылығын күшейте түсті.
Қытай саясаты мен АҚШ-Қытай қарым-қатынастарын ұзақ жылдар зерттеп жүрген маманның айтуынша Қытайдың бұл әрекеттері тек АҚШ-тың ғана емес, бүкіл әлемдегі басқа да демократиялық елдердің ерекше алаңдаушылығы мен бойкот жариялауына алып келді.
- Американың мүдесіне зиян келтіретін Қытайдың қолға алған нақтылы әрекеттері туралы келіссөз жүргізуге күш салу керекпіз. Біз Қытайдың бәсекеде әділ әрекет етпейтінін және Қытайда жұмыс істейтін шетелдік компанияларға әділетсіздік істейтінін сезінудеміз, - деді Сьюзан Ширк.
Дереккөз: voachinese.com
Тәржімалаған: Кенжебек Құдысұлы
Қазақ үні